Yermekkyzy Gulsim

Yermekkyzy Gulsim Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Yermekkyzy Gulsim, Almaty.

Институтымыздың алар асуы алда🤩
16/08/2024

Институтымыздың алар асуы алда🤩

ТҮСІК ТАСТАУ, БАЛА КӨТЕРЕ АЛМАУ, немесе жүктілік патологиясында тапсырылатын анализ АФС иммуноблоттары; Бір лабораториял...
01/08/2024

ТҮСІК ТАСТАУ, БАЛА КӨТЕРЕ АЛМАУ, немесе жүктілік патологиясында тапсырылатын анализ АФС иммуноблоттары;

Бір лабораториялық анализде антифосфолипид синдромы дамуымен ассоцирленген бірнеше аутоантиденелерді анықтайтын иммунологиялық зерттеу.

Антифосфолипидтік синдром- бұл тромбоздың қайта өршуімен сипатталатын, түсік тастауға әкелетін, тромбоцитопения, және мықты антифосфолипидтік антиденелердің болуымен байқалатын аутоиммунды ауру.

Иммуноблот түрлері: Cardiolipin, P-acid, P-Chopin, P-ethanol, P- glycerol, P-inositol, P-serin, Annexin V+, B2GP1, Prothrombin

Дәрігер- үздіксіз оқуды, дамуды талап ететін мамандық!
13/11/2023

Дәрігер- үздіксіз оқуды, дамуды талап ететін мамандық!

Ыстықтан қалай сақтанамыз? 1. Жеңіл киініңіз;2. Сыртқа бас киімсіз және күннен қорғайтын көзілдіріксіз шықпаңыз. Spf кре...
14/07/2023

Ыстықтан қалай сақтанамыз?

1. Жеңіл киініңіз;
2. Сыртқа бас киімсіз және күннен қорғайтын көзілдіріксіз шықпаңыз. Spf кремдерін барынша қолданыңыз;
3. Бет теріңізге майлы кремдер мен көптеген косметика жақпаңыз;
4. Жеткілікті мөлшерде су ішіңіз, газдалмаған сусындар, компот, көк шәй болады;
5. Жеңіл тамақтаныңыз;
6. Мүмкіншілігінше 11.00-16.00 аралығында далаға шықпаңыз;

Қан қалай ұйыйды?Қан айналымында тромбоциттер, эритроциттер және қан ұю факторлары кездеседі. Олар кесілген жерге немесе...
01/06/2023

Қан қалай ұйыйды?

Қан айналымында тромбоциттер, эритроциттер және қан ұю факторлары кездеседі. Олар кесілген жерге немесе зақымдалған қан тамырларына жиналып қанның ұйындысы пайда болады.
1. Қан айналым баяулату үшін, қан тамырлар тарылады;
2. Зақымдалған қан тамырларына тромбоциттер жиналады;
3. Тромбоциттер қан айналым факторларының белоктарын белсендіретін зат бөледі;
4. Қан ұю факторлары тор түзеді, ол торға тағы да эритроциттер мен тромбоциттер жиналады.

Осы материалдардан құралған ұйынды зақымдалған қан тамырын бітегенше ұлғаяды.

Ораза ұстау денсаулыққа өте пайдалы, ол күндізгі уақытта тамақтанбау, медицинада “ интервальді тамақтану” дейді. Ораза- ...
26/03/2023

Ораза ұстау денсаулыққа өте пайдалы, ол күндізгі уақытта тамақтанбау, медицинада “ интервальді тамақтану” дейді. Ораза- тазалану, яғни ішкі ағзаларымызда аутофагия үрдісі жүреді, ол өзін өзі тазалау деген құбылыс. Аллах біздің ағзамызды өте шебер жаратқан, біз ораза ұстап, тамақтанбай тұрғанда ішкі ағзамыз тазаланып, асқазан ішек жолдары демалып, өзін өзі тазалау үрдісі жүреді, барлық жасушалар жаңаланады.

Оразада қалай тамақтанамыз:
✅ Кешке аузыңызды құрмамен және сумен ашыңыз, 2 ст жылы су ішіңіз, тазаланған ішкі ағзаға су өте пайдалы, ішкі ағзаңыз “ ванна” қабылдағандай рахаттанады.
✅ Тамақтан шегерілу қажет, яғни қызығып, көзіңіз тоймай бей берекет көп мөлшерде тамақтанудың қажеті жоқ, тазаланып, демалып тұрған ішкі ағзаға артық тамақ “ нагрузка” болады.
✅ Дұрыс тамақтаныңыз, көкөністерден түрлі салаттар, буға, суға піскен тағамдарды, жемістерді көбірек пайдаланыңыз. Майлы, күшті, беш, сірне, қуырдақ сияқты тамақтардан бас тартқан жөн.
✅ Көбірек су ішкен дұрыс. 1,5-2 л шамасында. Су біздің ағзамыздың тіршілік көзі.

Қайырлы күн Қымбатты инста Достар!!! Дүйсенбi сәттi 🔆басталып, табысты 💰аяқталсын. Бүгiнгi тақырып "БУЫН АУРУЛАРЫНЫҢ ЗЕР...
12/09/2022

Қайырлы күн Қымбатты инста Достар!!! Дүйсенбi сәттi 🔆басталып, табысты 💰аяқталсын.
Бүгiнгi тақырып "БУЫН АУРУЛАРЫНЫҢ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ"!!!

Төменде көрсетiлген анализдер профилi буынның ревматоидты артрит және подагра сияқты қабыну ауруларының диагностикасы үшiн көрсетiлген👇🏻
✅ ЖҚТ- жалпы қан талдауы, организмның жалпы жағдайын, қабыну үрдiсiнiң бар жоқтығын анықтауға болады.
✅ СРБ- С реактивтi белок, ағзада қабыну үрдiсiнiң бiрiншi сигналы.
✅ Зәр қышқылы ( Мочевая кислота) подагра ауруында буындарда жиналып қатты ауыру сезiмiн тудырады
✅ АСЛО- антистрептолизин О-ағзаның стрептококк бактериясымен қатынасының көрсеткiшi, ревматоидты артрит және ревматизм ауруларының себебi стрептококк.
✅ Ревматоидты фактор- ревматоидты артрит сияқты аутоиммунды аурудың бар жоғын болжамдайтын скринингтiк талдау.

✅ С3, С4 комплементтерi буында қабыну үрдiсiне қатысатын қан белоктары.
✅ АЦЦП - ревматоидты артриттың нақты көрсеткiшi
✅ IgA, IgM, IgG-аутоиммунды үрдiстiң анықталу деңгейiн көрсететiн анализдер.
Флажокты 🔰 басып сақтап алыңыздар

Айтпақшы, сіз білесіз бе әрбір екінші қыздың өз дене бітіміне көңілі толмайды екен. Артық салмақ белінде, ішінде, иықтар...
09/09/2022

Айтпақшы, сіз білесіз бе әрбір екінші қыздың өз дене бітіміне көңілі толмайды екен.

Артық салмақ белінде, ішінде, иықтарында, аяқ- қолдарында айқын көрініп, тіпті целлюлит байқалады.

Қазір интернеттің заманы болғандықтан, күндіз түні бүкірейіп телефонда отыру “ нұр үстіне нұр”.

Алайда кез келген адам өзін өзі қолға алып, өзін өзі бақылауда ұстап, артық салмақтан оңай арылса болады, тек ниет, жігер қажет.

Өз өзіңізді бақылауда ұстаңыз! Сөйлеген сөзіңіз, жеген тағамыңыз, ішкен сусыныңыз, ойлаған ойыңыз бәрі бақылауда болсын
27/08/2022

Өз өзіңізді бақылауда ұстаңыз!

Сөйлеген сөзіңіз, жеген тағамыңыз, ішкен сусыныңыз, ойлаған ойыңыз бәрі бақылауда болсын

Менде вирустық инфекция ма әлде бактериялық инфекция ма❓❓❓Антибиотиктер iшу керек пе❓❓❓ Бүгiн мен Сiздерге жалпы қан тал...
16/08/2022

Менде вирустық инфекция ма әлде бактериялық инфекция ма❓❓❓

Антибиотиктер iшу керек пе❓❓❓

Бүгiн мен Сiздерге жалпы қан талдауы бойынша инфекцияның экспресс- диагностикасы жайлы пост жазамын!
Лайк басып, сақтап алыңыздар!!!
❗️ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ❗️үшiн ТӘН: 🔹Лейкоциттер санының төмендеуi ( кейде қалыпты нормада болуы мүмкiн)
🔹 Лимфоциттердiң референстiк деңгейiнен жоғарылауы
🔹 Нейтрофилдердiң төмендеуi
🔹 Моноциттердiң жоғарылауы
🔹 ЭТЖ қалыпты немесе сәл ⬆️

❗️ БАКТЕРИАЛЬДI ИНФЕКЦИЯ ❗️ үшiн тән
🔹 Лейкоциттер санының жоғарылауы
🔹 Нейтрофилдердiң жоғарылауы
🔹 Лимфоциттердiң төмендеуi ( сирек жағдайда қалыпты болуы мүмкiн)
🔹 ЭТЖ жоғарылауы
🔹 Лейкоцитарлық формуланың солға жылжуы ( яғни таяқша ядролы нейтрофильдердiң, миелоциттердiң, метамиелоциттердiң лейкоцитарлық формулада пайда болуы)
♦️Аурулар диагностикасы кезiнде жалпы қан талдауын лейкоцитарлық формула және ЭТЖ бiрге тапсырған жөн! Сонымен қатар С- реактивтi белокты да тапсырғаныңыз абзал (СРБ вирустық инфекцияда аз ғана жоғарылайды).
♦️Бiр инфекцияның үстiнен екiншi инфекция жұғуы да мүмкiн. Мысалы вирустық инфеуция фонында бактериялық, ондайда "вирустық инфекцияда антибиотиктiң пайдасы қанша деуiңiз мүмкiн".
♦️Дәрiлiк препараттарды қолданар алдында мiндеттi түрде дәрiгермен кеңескен жөн!

Address

Almaty

Telephone

+77785464717

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Yermekkyzy Gulsim posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share

Share on Facebook Share on Twitter Share on LinkedIn
Share on Pinterest Share on Reddit Share via Email
Share on WhatsApp Share on Instagram Share on Telegram