PROM MEDIC KAZ

PROM MEDIC KAZ Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from PROM MEDIC KAZ, Health & Wellness Website, Улица Аскарова 21/1, Almaty.

Европейская фармкомпания. Наша миссия в том, чтобы внедрять новейшие научные открытия в повседневную медицинскую практику и улучшать качество жизни людей при помощи современных, эффективных и доступных лекарств.

2026 жылғы 27–28 ақпанда Астанада халықаралық қатысумен өткен XIII Республикалық ғылыми-практикалық «CARDIONEXT. ЖҮРЕКТЕ...
16/03/2026

2026 жылғы 27–28 ақпанда Астанада халықаралық қатысумен өткен XIII Республикалық ғылыми-практикалық «CARDIONEXT. ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ: ӘРЕКЕТТЕГІ КАРДИОЛОГИЯ» конференциясы өтті. Іс-шара жүрек-қан тамыр ауруларын диагностикалау мен емдеуге, сондай-ақ метаболикалық бұзылыстары бар пациенттерде артериялық қысымды бақылау тәсілдеріне арналды.

Конференция бағдарламасы аясында ҚазҰМУ-дың кардиология кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Тундыбаева Мира Қапсиметовна «Артериялық қысымды бақылаудың заманауи шешімдері: метаболикалық бұзылыстарға фокус» тақырыбында баяндама жасады.

«CARDIONEXT» конференциясы түрлі өңірлер мен елдерден келген мамандардың қатысуымен өтіп, кардиология мен сабақтас салалардың өзекті мәселелерін клиникалық тәжірибе тұрғысынан талқылауға арналды.
_______
27–28 февраля в Астане состоялась XIII Республиканская научно‑практическая конференция с международным участием «CARDIONEXT. ОТ СЕРДЦА К СЕРДЦУ: КАРДИОЛОГИЯ В ДЕЙСТВИИ». Мероприятие было посвящено вопросам диагностики и лечения сердечно‑сосудистых заболеваний, а также обсуждению подходов к контролю артериального давления у пациентов с сопутствующими метаболическими нарушениями.

В рамках программы конференции выступила Тундыбаева Мира Капсиметовна, д.м.н., профессор кафедры кардиологии Казахского Национального Медицинского Университета имени С.Д. Асфендиярова. Она представила доклад на тему «Современные решения контроля АД: фокус на метаболические нарушения».

Конференция «CARDIONEXT» прошла с участием специалистов из различных регионов и стран и была ориентирована на освещение актуальных вопросов кардиологии и смежных областей в контексте клинической практики.

Астанада ас қорыту жүйесі аурулары саласындағы мамандар үшін жылдың маңызды алаңдарының біріне айналған VII Халықаралық ...
13/03/2026

Астанада ас қорыту жүйесі аурулары саласындағы мамандар үшін жылдың маңызды алаңдарының біріне айналған VII Халықаралық «Гастроэнтерология-2026» конгресі өтті. Іс-шараның серіктесі ретінде Pro.Med.CS Praha a.s. компаниясы ғылыми-білім беру бағдарламасын қолдады.

Конгресс аясында «Панкреатологияда УДХҚ-ның орны бар ма?» атты өзекті тақырып талқыланды. Бұл клиникалық тәжірибеде урсодезоксихол қышқылын қолдану мүмкіндіктеріне қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.

Баяндамашылар:

- Губергриц Наталья Борисовна — м.ғ.д., профессор, 2022 жылғы Еуропалық панкреатологтар клубының президенті, Украин панкреатологтар клубының президенті, халықаралық сыйлықтардың лауреаты, «Инто Сана» клиникасының жетекші гастроэнтерологы (Одесса, Украина).

- Рахметова Венера Саметовна — м.ғ.д., «Астана медицина университеті» КЕАҚ ішкі аурулар кафедрасының профессоры, «Гепатология және гастроэнтерология мамандары қоғамы» ҚБ төрайымы (Астана, Қазақстан).

- Базарова Анна Викентьевна — м.ғ.к., «Астана медицина университеті» КЕАҚ доценті, жоғары санатты дәрігер-эндокринолог (Астана, Қазақстан).

Спикерлердің жоғары ғылыми деңгейі мен халықаралық қатысуы конгрестің кәсіби қауымдастық үшін маңызын айқындады.
_________
В Астане прошёл VII Международный конгресс «Гастроэнтерология‑2026», став одной из ключевых площадок года для специалистов в области заболеваний органов пищеварения. Партнёром мероприятия выступила компания Pro.Med.CS Praha a.s., поддержавшая научно‑образовательную программу конгресса.

В рамках конгресса была обсуждена актуальная тема «Есть ли место УДХК в панкреатологии?», отражающая растущий интерес к возможностям урсодезоксихолевой кислоты в клинической практике.

С докладами выступили:

- Губергриц Наталья Борисовна — д.м.н., профессор, Президент Европейского Клуба панкреатологов 2022 г., Президент Украинского Клуба панкреатологов, многократный лауреат международных премий, ведущий гастроэнтеролог клиники «Инто Сана» (Одесса, Украина).

- Рахметова Венера Саметовна — д.м.н., профессор кафедры внутренних болезней НАО «Медицинский университет Астана», председатель ОО «Общество специалистов гепатологического и гастроэнтерологического профиля» (Астана, Казахстан).

- Базарова Анна Викентьевна — к.м.н., доцент НАО «Медицинский университет Астана», врач высшей категории, эндокринолог (Астана, Казахстан).

Высокий статус спикеров и международное участие подчеркнули значимость конгресса для профессионального сообщества.

Бауырдың алкогольсіз майлы ауруы алкоголь ішпейтін адамдарда да дамуы мүмкін. Себебі негізгі рөлді спирт емес, зат алмас...
11/03/2026

Бауырдың алкогольсіз майлы ауруы алкоголь ішпейтін адамдарда да дамуы мүмкін. Себебі негізгі рөлді спирт емес, зат алмасу бұзылыстары атқарады.

Негізгі механизм — инсулинге төзімділік. Жасушалар инсулинге әлсіз жауап береді, глюкоза қанда ұзақ сақталады, ұйқыбез инсулинді көбейтуге мәжбүр болады, ал бауыр артық қантты майға белсендірек айналдырады.
Тез сіңетін көмірсулардың (тәттілер, тәтті сусындар, кондитер өнімдері, фастфуд) артықтығы бұл процесті күшейтеді. Глюкоза мен инсулиннің күрт ауытқуы гепатоциттерде май жиналуына және қабынудың басталуына әкеледі.
Ішкі ағзалардың айналасындағы висцеральды май белсенді эндокриндік орган ретінде қабыну медиаторларын бөліп, инсулинге төзімділікті күшейтіп, бауырға қосымша зиян келтіреді.

Сондықтан БАМА — тек «бауыр мәселесі» емес, жалпы метаболикалық бұзылыстардың маркері.
_________
Неалкогольная жировая болезнь печени развивается даже у тех, кто не употребляет алкоголь, потому что ключевую роль играют не спирт, а обмен веществ.

Главный механизм — инсулинорезистентность: клетки хуже реагируют на инсулин, глюкоза дольше остаётся в крови, поджелудочная вынуждена «поднимать» уровень инсулина, а печень начинает активнее превращать избыток сахара в жир.

Избыток быстрых углеводов (сладости, сладкие напитки, выпечка, фастфуд) усиливает этот процесс: резкие скачки глюкозы и инсулина приводят к накоплению жира в гепатоцитах и запуску воспаления.

Висцеральный жир (тот, что вокруг внутренних органов) работает как активный эндокринный орган — выделяет провоспалительные вещества, усиливает инсулинорезистентность и дополнительно повреждает печень.

В итоге НАЖБП становится маркером общего метаболического неблагополучия, а не только «проблемой печени».

PRO.MED.CS Praha a.s. компаниясының негізінде қарапайым, бірақ маңызды идея жатыр. Ол пациенттер мен дәрігерлерге әлі де...
04/03/2026

PRO.MED.CS Praha a.s. компаниясының негізінде қарапайым, бірақ маңызды идея жатыр. Ол пациенттер мен дәрігерлерге әлі де толық шешілмеген қажеттіліктер бар жерлерде көмектесу. Біз нақты клиникалық тәжірибеде емдеуді қолдайтын және пациенттерге сапалы өмір сүруге көбірек мүмкіндік беретін дәрілік препараттарды жасап, дамытамыз.

Біздің көзқарасымыз ұзақ мерзімді, тұрақты даму. Жылдар өтсе де, сенімді препараттар шығарып, зерттеулерге инвестиция салып, денсаулық сақтау жүйесі үшін серіктес болып қала беру.

Біз үшін әрбір препарат пен әрбір жоба - қажеттілікті есту, шешім табу және оны дәрігерлермен бірге пациентке жеткізу сынды үлкен үдерістің бір бөлігі.
__________
В основе PRO.MED.CS Praha a.s. — простая, но важная идея: помогать пациентам и врачам там, где ещё остаются неудовлетворённые потребности. Мы создаём и развиваем лекарственные препараты, которые поддерживают лечение в реальной клинической практике и дают пациентам больше шансов на качественную жизнь.

Наше видение — долгосрочное, устойчивое развитие компании, чтобы и через годы мы могли выпускать надёжные препараты, инвестировать в исследования и оставаться партнёром для системы здравоохранения.

Для нас каждый препарат и каждый проект — это часть большого процесса: услышать потребности, найти решение и довести его до пациента вместе с врачами.

03/03/2026

PRO.MED.CS Praha a.s. компаниясы бауырдың алкогольсіз майлы ауруына (БАМА) және оның метаболикалық денсаулық жүйесіндегі рөліне арналған ауқымды білім беру бағдарламасын жалғастыруда.

2026 жылғы 20–21 ақпанда Ақтау қаласында, 27 ақпанда Атырауда жетекші сарапшылардың қолдауымен алғашқы буын дәрігерлерін, гастроэнтерологтарды, кардиологтарды және эндокринологтарды біріктірген ғылыми-практикалық семинарлар өтті.

Кездесулердің басты назарында БАМА-ны ерте диагностикалаудың, алдын алудың және емдеудің заманауи тәсілдері, сондай-ақ оның жүрек-қантамыр ауруларымен байланысы болды.

Осындай бастамалар тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, метаболикалық бұзылыстармен күресте Қазақстанның медициналық қауымдастығы арасындағы пәнаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
_______
Компания PRO.MED.CS Praha a.s. продолжает масштабную образовательную программу, посвящённую вопросам неалкогольной жировой болезни печени (НАЖБП) и её роли в системе метаболического здоровья.

20–21 февраля 2026 года в городе Актау, 27 февраля в Атырау, при поддержке ведущих экспертов состоялись научно‑практические семинары, объединившие врачей первичного звена, гастроэнтерологов, кардиологов и эндокринологов.

В фокусе встреч — современные подходы к ранней диагностике, профилактике и лечению НАЖБП, а также её связь с сердечно‑сосудистыми заболеваниями.

Подобные инициативы способствуют обмену опытом и укреплению междисциплинарного взаимодействия медицинского сообщества Казахстана в борьбе с метаболическими нарушениями.

23/02/2026

Бауырдың алкогольсіз майлы ауруы (БАМА) - бауырдың созылмалы аурулары мен трансплантациясының ең жиі себептерінің бірі.
Қазіргі таңда ол әлемде әр төртінші адамнан анықталса, Қазақстанда халықтың шамамен 30%-ында кездеседі.

2026 жылғы 13-14 ақпанда Ақтөбе қаласында «БАМА — метаболикалық денсаулықтың айнасы. Пәнаралық тәжірибеде алдын алу мен пациенттерді емдеудің заманауи стратегиялары» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

«Жүрек және Ми» Азиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігі М. Оспанов атындағы БҚМУ-дың №1 ішкі аурулар кафедрасымен және ҚМУ-дың «Неврология және нейрореабилитация» курcымен бірлесіп, метаболикалық бұзылыстары бар науқастарды ерте анықтау, алдын алу және емдеу мәселелерін талқылау үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлерін біріктірді. Семинарда пәнаралық тәсілге және жүрек-қантамыр асқынуларының алдын алуға ерекше назар аударылды.

«Жүрек пен Ми» Азиялық қоғамы» қоғамдық ұйымы М. Оспанов атындағы БҚМУ және КРМУ-мен бірлесіп ұйымдастырған іс-шара оң пікірлерге ие болып, Батыс Қазақстанның барлық өңірлерінде осындай семинарларды өткізуге серпін берді.
___
Неалкогольная жировая болезнь печени (НАЖБП) — одна из самых частых причин хронических заболеваний печени и трансплантации. Сегодня она выявляется у каждого четвёртого человека в мире, а в Казахстане — почти у 30% населения.

НАЖБП тесно связана с сердечно-сосудистыми заболеваниями, которые остаются ведущей причиной преждевременной смертности. Поэтому важно рассматривать её не только как проблему печени, но и как показатель метаболического здоровья.

13–14 февраля 2026 года в г. Актобе состоялся образовательный научно-практический семинар «НАЖБП — зеркало метаболического здоровья. Современные стратегии профилактики и ведения пациентов в междисциплинарной практике».

ОО «Азиатское общество Сердце и Мозг» совместно с кафедрой внутренних болезней №1 ЗКМУ им. М. Оспанова и курсом «Неврология и нейрореабилитация» КРМУ объединили врачей первичного звена для обсуждения ранней диагностики, профилактики и ведения пациентов с метаболическими нарушениями. Особый акцент был сделан на междисциплинарном подходе и профилактике сердечно-сосудистых осложнений.

Таңғы ас ішпеу әдеті көбіне күннің екінші жартысында және кешке артық тамақтанумен аяқталады.Алғашқы ас қабылданбағанда ...
20/02/2026

Таңғы ас ішпеу әдеті көбіне күннің екінші жартысында және кешке артық тамақтанумен аяқталады.

Алғашқы ас қабылданбағанда қандағы қант деңгейі ұзақ уақыт төмен болып қалады, энергия азаяды, зейін төмендейді, ал түскі және кешкі ас кезінде ағза «жетпегенін толтыруға» тырысады.

👍 Толыққанды таңғы ас тәбетті тұрақтандырып, тәттіге және жол-жөнекей тіскебасарларға деген құмарлықты азайтады, ас қорытуға күн бойы дұрыс ырғақ береді. Таңертең табақта ақуыздар (жұмыртқа, сүзбе, йогурт), күрделі көмірсулар (ботқа, тұтас дәнді нан) және аз мөлшерде пайдалы майлар (жаңғақ, авокадо, зәйтүн майы) болғаны жөн.

Мұндай күн бастамасы энергияны бірқалыпты сақтауға, жұмыс қабілетін арттыруға және кешкі «тоңазытқыш алдындағы» сәтсіздіктердің алдын алуға көмектеседі.

Кем дегенде 7–10 күн қатарынан таңғы ас ішіп көріңіз де, кешкі тәбетіңіздің қалай өзгеретінін байқаңыз.
___________
Привычка «не завтракать» часто заканчивается перееданием во второй половине дня и вечером.

Когда мы пропускаем первый приём пищи, уровень сахара в крови дольше остаётся низким, падает энергия, замедляется концентрация, а к обеду и ужину организм старается «наверстать» пропущенное.

👍 Полноценный завтрак помогает стабилизировать аппетит, снижает тягу к сладкому и перекусам на бегу, задаёт ритм пищеварению на весь день. В идеале утром на тарелке должны быть белки (яйца, творог, йогурт), сложные углеводы (каша, цельнозерновой хлеб) и немного полезных жиров (орехи, авокадо, оливковое масло).

Такой старт дня помогает поддерживать ровный уровень энергии, улучшает работоспособность и снижает риск вечерних срывов у холодильника.

Попробуйте завтракать хотя бы 7–10 дней подряд и понаблюдайте, как изменится ваш аппетит вечером.

17/02/2026

Жерорта теңізі диетасы денсаулық үшін ең пайдалы тағам үлгілерінің бірі саналады. Оның негізін көкөністер, жемістер, тұтас дәнді өнімдер, балық, бұршақ тұқымдастар, жаңғақтар мен зәйтүн майы құрайды. Мұндай рацион жүрек-қан тамыр жүйесін қолдап, семіздік пен 2-типті қант диабетінің даму қаупін төмендетеді.

Клетчаткаға, пайдалы майларға және антиоксиданттарға бай тағам ішектің жұмысын жақсартып, «жаман» холестерин мен қабыну деңгейін азайтады. Зерттеулерге сәйкес, жерорта теңізі үлгісіндегі тамақтану кейбір қатерлі ісік түрлерінің және жасқа байланысты ми қызметінің бұзылу қаупін төмендетіп, өмір сүру ұзақтығымен байланысты.

Маңыздысы бұл қатаң диета емес, әдеттеріңізге бейімдеуге болатын икемді тамақтану жүйесі. Пайдалы баламаларға біртіндеп көшу жеткілікті.
_________
Средиземноморская диета считается одной из самых полезных для здоровья. Она основана на овощах, фруктах, цельнозерновых продуктах, рыбе, бобовых, орехах и оливковом масле. Такой рацион помогает поддерживать здоровье сердечно-сосудистой системы, снижает риск развития ожирения и сахарного диабета 2 типа.

Благодаря большому количеству клетчатки, полезных жиров и антиоксидантов улучшается работа кишечника, снижается уровень «плохого» холестерина и воспаления в организме. Есть данные, что питание по-средиземноморски связано с уменьшением риска некоторых видов рака и возрастных нарушений работы мозга, а также с более высокой продолжительностью жизни.

Важно, что это не жёсткая диета, а гибкая система питания, которую можно адаптировать под свои привычки, постепенно заменяя продукты на более полезные аналоги.

13/02/2026

Қыстың соңына қарай көп адам бас ауруына шағымданады. Себебі күн қысқа, күн сәулесі аз, шаршау жиналады. Бір мезгілде судың жеткіліксіздігі, кофеиннің шамадан тыс тұтынылуы, ауыр әрі майлы тағам, көкөністер мен жемістердің аз болуы сынды бірнеше фактор әсер етеді. Мұның бәрі сусыздануға, қысымның ауытқуына және тамырлардың түйілуіне әкелуі мүмкін.

Не істеуге болады:

💧 Күні бойы суды аз-аздан ішу, оны шай мен кофемен алмастырмау.
🥑 Тамақтануды жеңілдету: көкөніс, балық, тұтас дәнді өнімдерді көбейтіп, қуырылған тағам мен фастфудты азайту.
🥱 Ұйқы режимін сақтау және таза ауада қысқа серуендер жасау.
🕟 Кофе мен энергетиктерді, әсіресе күннің екінші жартысында, азайту.

Өмір салтындағы шағын, бірақ тұрақты өзгерістер қыстың соңында бас ауруының жиілігі мен қарқындылығын азайтуға көмектеседі.
___________
К концу зимы многие жалуются на головные боли: день короткий, мало солнца, усталость накапливается. На самочувствие влияют несколько факторов одновременно: недостаток воды, избыточный кофеин, тяжёлая и жирная пища, недостаток свежих овощей и фруктов. Это может приводить к обезвоживанию, скачкам давления и сосудистым спазмам.

Что можно сделать:

💧 Пить воду небольшими порциями в течение дня, не заменяя её чаем и кофе.
🥑 Легче питаться: больше овощей, рыбы, цельнозерновых, меньше жареного и фастфуда.
🥱Следить за режимом сна и делать короткие прогулки на свежем воздухе.
🕟 Сократить количество кофе и энергетиков, особенно во второй половине дня.

Небольшие, но регулярные изменения в образе жизни помогают уменьшить частоту и интенсивность головных болей к концу зимы.

Жерорта теңізі диетасы — бұл жай ғана тамақтану емес, өмір салты! 🌊🍋Жерорта теңізі елдерінің тұрғындары әлемдегі ең дені...
11/02/2026

Жерорта теңізі диетасы — бұл жай ғана тамақтану емес, өмір салты! 🌊🍋

Жерорта теңізі елдерінің тұрғындары әлемдегі ең дені сау адамдардың қатарында екенін білесіз бе? Құпиясы қарапайым. Ол өнімдердің дұрыс теңгерімі мен тұрақты тамақтану режимі.

Жерорта теңізі рационының денсаулық формуласы:
✨ 60% көмірсулар — көкөністер, жемістер, тұтас дәнді өнімдер
✨ 30% майлар — негізінен зәйтүн майы
✨ 10% ақуыздар — балық, құс еті, бұршақ тұқымдастар

Күніне 4–5 рет тамақтану ұсынылады: үш негізгі ас және екі жеңіл тіскебасар. Бұл энергия деңгейін тұрақты ұстап, артық жеуден сақтайды.

👉 Карусельді сырғытыңыз да:
• Қандай өнімдерді және қаншалықты жиі тұтыну керектігін
• Апта мен ай бойынша әр тағам тобының мөлшерін
• Рационды жерорта теңізі қағидаларына сай қалай құруға болатынын біліңіз.

Дайынсыз ба? Кішіден бастаңыз. Алдымен көкөністерді көбейтіп, күнделікті майды зәйтүн майына ауыстырыңыз! 💚
_______
Средиземноморская диета — это не просто питание, а образ жизни! 🌊🍋

Знаете ли вы, что жители Средиземноморья — одни из самых здоровых людей в мире? Секрет прост: правильный баланс продуктов и регулярность питания.

Формула здоровья средиземноморского рациона:
✨ 60% углеводов — овощи, фрукты, цельнозерновые
✨ 30% жиров — в основном оливковое масло
✨ 10% белков — рыба, птица, бобовые
Питаться нужно 4-5 раз в день: три основных приема пищи и два перекуса. Это помогает поддерживать стабильный уровень энергии и избегать переедания.

👉 Листайте карусель, чтобы узнать:
• Какие продукты и как часто употреблять
• Сколько порций каждой группы продуктов нужно в неделю и месяц
• Как выстроить свой рацион по средиземноморским принципам.

Готовы попробовать? Начните с малого — добавьте больше овощей и замените обычное масло на оливковое! 💚

PRO.MED.CS Kazakhstan компаниясында біз тамақтанудың денсаулық үшін маңызы зор деп есептейміз. ➡️ Карусельде Жерорта тең...
06/02/2026

PRO.MED.CS Kazakhstan компаниясында біз тамақтанудың денсаулық үшін маңызы зор деп есептейміз.
➡️ Карусельде Жерорта теңізі үлгісіндегі тамақтануды ұстану арқылы қандай нәтижелерге қол жеткізуге болатынын көрсеттік.

Бұл өзгерістер алдын алу үшін де, сондай-ақ метаболикалық бұзылыстары бар пациенттерді қолдау барысында да маңызды.
_______
В PRO.MED.CS Kazakhstan мы считаем, что питание очень важно для здоровья.
➡️ В карусели мы показали, каких результатов можно добиться при соблюдении средиземноморской модели питания.

Эти изменения важны как для профилактики, так и для сопровождения пациентов с уже существующими метаболическими нарушениями.

Address

Улица Аскарова 21/1
Almaty
050070

Opening Hours

Monday 08:00 - 17:00
Tuesday 08:00 - 17:00
Wednesday 08:00 - 17:00
Thursday 08:00 - 17:00
Friday 08:00 - 17:00

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when PROM MEDIC KAZ posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share

Share on Facebook Share on Twitter Share on LinkedIn
Share on Pinterest Share on Reddit Share via Email
Share on WhatsApp Share on Instagram Share on Telegram