Gulsim_usenkyzy

Gulsim_usenkyzy Гүлсім Үсенқызы - Қазақстан Массажисттер Федерациясын

12/12/2025

МЕТИЛЕНОВЫЙ СИНИЙ водный 1% раствор

Мен балалардың АУЫЗ қуысын сүртуге қолданамын.
ЕГЕР:
🚩 баланың аузы уылып, стоматит болса
🚩 ауыз іші ойылып қалса
🚩 баланың тамағы қызарса
🚩 ангина болса
🚩 ларингит болса - қолыңызға напаличник киіп, дәкеге аздап құйып,ауыз ішін бір сүртіп аласыз.

Жаман жағы: көк түсі ұзаққа дейін кетпейді😀 Кейде балалар түсінің өзінен қорқады. Бірақ өте тиімді препарат.

Одан бөлек МЕТИЛЕНОВЫЙ СИНИЙ растворын әртүрлі тері ауруларында қолданады.

🟥 Сіз СИНКАНЫ қолданасыз ба? Осы препарат жайынба естуіңіз бар ма?

12/12/2025

АТА-ананың, ӘЖЕЛЕРДІҢ сәбидің 5-12 айлық кезінде осылай СЕКІРТУІ мүлдем дұрыс емес❌❌❌

Баланың жамбас, тізе және тобық буындары әлі толық қалыптаспаған. Баланы аяғына ерте тұрғызып, секірткенде:

✔️ омыртқаға артық күш түседі
✔️ бел мен арқа бұлшық еттері әлсіз қалады
✔️ неврологиялық жүйеге кері әсер етеді
✔️ баланың қозғалыс үйлесімділігі бұзылады
✔️ баланың “қорғаныс рефлекстерін” тежейді
✔️ тепе-теңдікті сақтауы бұзылады, нәтижесінде баланың өздігінен жүруі кеш басталады
✔️ бұлшық еттің тонусы бұзылады
✔️ бала башпайларын жинап алатын болады (аяқтың ұшымен жүретін болады)
✔️ баланың аяқтарының ерте қисайып кету қаупі бар (әсіресе, 0-образды деформация).

🛑 Сондықтан, баланы бұлай секіртпей, қозғалыс тізбегін бұзбай, табиғи дамуына жағдай жасаңыз‼️

10/12/2025

Менің БІРІНШІ кеңесім:
✅ Алғашында ешкімге ТЕГІН массаж жасама‼️ Қолдың әрі массажға кететін уақыттың ақысы болуы керек. Егер алғашқы кездері тегін жасасаң, #көңілің түсіп, тастап кетуің мүмкін. ӨЗІҢДІ ҚҰНСЫЗДАНДЫРМА‼️‼️‼️

Жаңадан бастаған ЖАС МАССАЖИСТ мамандарға СІЗ қандай кеңес айтар едіңіз? #Ақылшы апалары секілді жол көрсетіп жіберейікші 🤩 ⤵️⤵️⤵️

08/12/2025

ШАЙНАУ бұлшық еттері - бас сүйегінің жоғарғы жағынан басталып, міндетті түрде бастың қозғалмады сүйегіне тіркеледі. Бұлшық еттер жиырылған кезде төменгі жақ сүйегін қимылға келтіріп, шайнау әрекетін жүргізеді.

Қазіргі балалардың жақ сүйегі жаттықпаған. Себебі, кішкентай кезінен тамақты блендерге езіп береміз, пюре-кашалармен тамақтандырамыз. Бала асықпай шайнауды, тістеуді толық меңгермеген.

Жақ бұлшық еттері дұрыс жұмыс жасамағаннан - бала монотонды, міңгірлеп сөйлейді. Қазақша сөздерді дұрыс айта алмайды. Тіпті, шайнау қызметі бұзылғаннан, ас қорыту жүйесі де бұзылады.

Шайнау қызметі дұрыс емес балада - жиі запор байқалады. Аузынан жағымсыз иіс шығады🥲. Сондықтан нүктелі ЛОГОМАССАЖ арқылы - баланың шайнау қызметі жақсартып, ас қорытылуын дұрыстаймыз.

Ал егер СІЗ де менің нүктелі ЛОГОМАССАЖЫМДЫ үйренемін десеңіз,
16 декабрь ҚЫЗЫЛОРДА
5 январь АҚТАУ қалаларымда басталатын курсқа келіңіз

Тіркелу: + 7 747 909 55 12 (ватсапқа жазыңыз)

08/12/2025

Дені сау баланы дүниеге әкелу үшін - ЖҮКТІЛІКТІҢ алдында әйел денсаулығына аса мән берсе жақсы болар еді. Дефициттерін толықтырып, тістерін емдетіп, көзін қаратып. Сол арқылы баланың саулығына елеулі үлес қосады.

Сондықтан, жүктілікті жоспарлар кезде, ӘЙЕЛДЕРГЕ мына 7 анализді тапсыруға кеңес беремін:

✅ ОАК клинический
✅ Ферритин
✅ Витамин В 12
✅ Фолиевая кислота
✅ Гомоцистеин
✅ 25 ОН витамин D
✅ Витамин А

Омы анализдердің талдамасын тәжірибелі дәрігерге көрсетіп, дефициттер анықталса, ағзаңызды толықтырыңыз.

‼️ СІЗ жүктілік кезінде қандай анализ тапсырдыңыз? Қандай дәрумен қабылдадыңыз???

07/12/2025

Вирджиния Апгар, американдық анестезиолог, 1952 жылы Апгар шкаласын жасады. Вирджиния Апгар бір қарағанда сау болып көрінетін жаңа туған нәрестелердің кейінірек жасырын мәселелерге байланысты: не қайтыс болғанына, не күрделі патологияға ұшырағанына куә болды. Сол олқылықты жойып, бала туыла салғанда- оған РЕАНИМАЦИЯЛЫҚ көмек қажеттілігін анықтауды ұсынды.

АПГАР оңай және тез бағаланатын бес қарапайым белгіні таңдады: терінің түсі, жүрек соғу жиілігі, рефлекстер, тыныс алу және бұлшықет тонусы.
Баллдық жүйе: әрбір белгі 0-ден 2 балға дейін бағаланады, барлығы 10 балл алынады.

Бала денсаулығының әлсіз тұстарын мүмкіндігінше ерте анықтау үшін - Апгар шкаласырың балл көрсеткіштерін анық жазу маңызды.

АПГАР шкаласы көрсеткіштері

Нәресте туа салысымен жүрек соғысын санау.

✅ Нәрестенің жүрек соғысы минутына 100 реттен жоғары болса - 2 балл, 100 реттен төмен 1 балл және жоқ болса 0 бал

✅ Тыныс алу жиілігін санау. Тыныс алу жиілігі 40-50-ден жоғары болса минутына (айғайы қатты) 2 балл, 40-ден төмен – 1 балл, тыныс алу жоқ 0 балл.

✅ Рефлекторлы қозғыштықты тексеріп бағалау. Қимылы белсенді, айғайы қатты- 2 балл, қимылдар, нәрестенің бетінде наразылық белгісі- 1 балл, реакция жоқ- 0 балл.

✅ Терісін бағалау. Терісі қызғылт түсті- 2 балл, акроцианоз- 1 балл, терісінің айқын боздығы 0 балл.

✅ Бұлшық ет тонусын бағалау. Нәрестенің қимылы белсенді- 2 балл, аяқ колдарының аздағап бүгілуі 1 балл, қимылы жоқ- 0 балл Туа салысымен 1 минут ішінде нәрестенің жағдайын жалпы балл санымен бағалау.

Туған соң 5 минуттан кейін нәрестенің жағдайын жалпы балл санымен бағалау.

07/12/2025

Балаңыз басын бір жаққа қисайтып алатын болса, бірден осы тәсілден бастаңыз‼️

Ал, басын бір жаққа қарай қисайта бергеніне аса мән бермесеңіз, мойын бұлшық еттері тартылып, балада жүре пайда болатын ҚИСЫҚМОЙЫН диагнозы болады.

🛑 Қисық мойынға арналған жаттығуды көрсетейін бе?

06/12/2025

🚩 ҚЫЗЫЛОРДА ‼️ ҚЫЗЫЛОРДА
0-0-12 ай рассрочкаға
ЛОГОМАССАЖ курсын оқыңыз!

Баланың тіліне, жағына логомассаж жасап, БАЛАНЫ СӨЙЛЕТУГЕ результат жасайтын боласыз.

Логомассаж 7 күндік курста:
❇️ логомассаждың негізгі ережесін естіп
❇️ тіл кемістігіне әкелетін факторларды білесіз
❇️ бала тілінің даму кезеңдерін танып
❇️мидың *БРОК және ВЕРНИК* зоналарын
❇️ бет нервтерін
❇️ тройничный нерв тармағын жіктейсіз
❇️ *мидың 5 бөлігін* талдап
❇️ асфиксия, гипоксия
❇️ нейровоспаление себептерін білетін боласыз
❇️ балалардағы невроз
❇️ бет невритінің параличінің себептерін түсінесіз
❇️ баланың тілінің тонусын анықтайсыз
❇️ қоянжырықта көмектесесіз
❇️ сілекей нүктесін табасыз
❇️ ми жасушаларын оятып
❇️ баланы визуальды диагностикалау әдісін алып шығасыз.

📍 Курста қамтылатын ЛОГОДИАГНОЗДАР:
🔆 Алалия
🔆 Афазия
🔆 Дизартрия
🔆 Гиперкинез
🔆 Анартрия
🔆 Ринолалия
🔆 Дислалия
🔆 Дисграфия
🔆 Дислексия
🔆 Дисфония
🔆 Тахилалия
🔆 Брадилалия
🔆 Кекештену
🔆 Тұтықпа
🔆 Прогения
🔆 Прогнатия
🔆 ОНР
🔆 ЗПРР
🔆 ЗРР
🔆 Аутизм диагноздарын талдауды үйренесіз.

🎁 Бонусқа курс барысында:
🔻 Ишемиялық
🔻 Геморрагический
🔻 Тихий *инсульттан кейін қалпына келтіретін логомассаж* техникасы айтылады.
✅ “Тейптеу” әдісі беріледі

Курсты сәтті аяқтаған соң:
📜 СЕРТИФИКАТ
Авторлық 120 беттік
“Логопедиялық диагноз” КІТАБЫМ 📕

Өзімнің жеке қадағалауымда өтетін 👶🏻 баламен практикалы курс

ҚЫЗЫЛОРДА: 16 декабрь

Таңертеңгі группа: 10:00-12:00 уақытта

Кешкі группа: ⏰ 16:00–18:00

✅ 0-0-12 рассрочка бар

Тіркелу: 📲 + 7 747 909 5512 (ватсапқа жазыңыз)

06/12/2025

Д3 дәрумені - баланың денсаулының фундаменті. Әр 3 ай сайын комплексті түрде Д3 беретін болсаңыз, балаңыздың миы да, ойлауы да, сүйектері сау болады

Нақты қанша доза беру керектігін білу үшін
25 OH витамин D - анализін тапсыртыңыз.

25 OH витамин D - жылына 1 рет тапсыратын анализ.

🛑 Сіздің Д3 мөлшеріңіз қанша? Соңғы рет қашан анализ тапсырдыңыз ?

06/12/2025

Аналар алғыс айтып, #результаттар келіп жатынғанда сәәәәәл жұлдыз болып кететініміз бар 😆🤭
Тіпті жүрістің өзі бөлек қой 🤣

Ал шын мәнінде, білікті ҰСТАЗДАН білім алған шәкірт:

✅ өзіне уверенный
✅ 3 күнде результат жасай алатын
✅ аналарға сенімді жауап беретін
✅ бағасын қымбат қоюға қаймықпайтын
✅ еш қорықпайтын маман болып шығады.

Ал ЕГЕР сіз де массаж саласының мықтысы боламын десеңіз, курсыма келіңіз

🚩 АҚТӨБЕ - 8 декабрь

✅ ҚЫЗЫЛОРДА -16 декабрь

✅ АҚТАУ - 5 январь

✅ ҚАРАҒАНДЫ - 19 январь

Толық ақпарат: + 7747 909 55 12 (ватсапқа жазыңыз)

05/12/2025

МАГНИЙ ТРЕОНАТЫ - бастың гематоэнцефалиттік барьерден өтіп, миды түрлі инфекциядан қорғайды.

Балаға: 3 жастап бастап беріледі

2 ай бойы күніне 2 мезгіл - капсуладан балаңызға берсеңіз:
✅ балаңыздың сөздік қоры көбейеді
✅ нервныйлығы басылады
✅ сөзді тыңдауы, естуі күшейеді
✅ сабақты жақсы түсіне бастайды
✅ түнде оянбай, жақсы ұйықтайтын болады.

Әсіресе, бұл препаратты КОРЬ, КРАСНУХА ауруларымен ауырған балаларға беру қажет.

🛑 Магнийдің маңыздылығын түсіндіңіз бе?

05/12/2025

РАК деген атауының өзінен, адамдар шошиды.

Білесіз бе, бір рет мынадай жағдай болды. Бір мамаша баласын консультацияға жазғысы келеді. Маған ватсапқа жазған.

-Дәрігер, баламды сізге көрсеткім келеді. Запиське жазасыз ба?- деген. Жақсы деп запиське жазып отырғам. Бір уақытта:
- Дәрігер, сіз ракпен ауырады деп естідім. Приемға барғанда, рак бізге де ЖҰҒЫП кетпейме деген 🤨🙃

Шынымды айтсам, не күлерімді, не жыларымды білмедім😅 Бізде, бұл диагноз туралы айтуға қорқады.

Иә, менде рак 3-стадия. Аденокарцинома. Өкпе рагы. Бірақ мен ең ауыр диагноз екен деп өлімді күтіп, өмірге өкпелей алмаймын‼️

АЛЛАНЫҢ маған берген әр күнін:
✅ юақытты өмір сүруге
✅ адамдарға пайдалы болуға
✅ үздіксіз дамуға
✅ білгеніммен бөлісуге арнаймын.

“Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді”- дегендей, массаж саласында елеулі еңбек қалдыру мақсатым…

🛑 Сіз өмірде қандай принципті ұстанасыз?

Address

31 Б микрорайон, дом/17
Aktau
130000

Telephone

+77029820267

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Gulsim_usenkyzy posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to Gulsim_usenkyzy:

Share

Share on Facebook Share on Twitter Share on LinkedIn
Share on Pinterest Share on Reddit Share via Email
Share on WhatsApp Share on Instagram Share on Telegram