Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Aktau
  • Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы

Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы Клиника акушерско-гинекологического профиля, лечение гинекологических заболеваний и бесплодия, ведение беременности и родов.

29/04/2026

В Мангистауской области сделали важный шаг в спасении зрения самых маленьких пациентов — недоношенных новорождённых. В областном перинатальном центре «Мать...

29/04/2026

Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығында өңір тарихында алғаш рет шала туған нәрестелерге ретинопатия диагнозы бойынша жоғары технология...

29/04/2026
29/04/2026

В Мангистауской области сделали важный шаг в спасении зрения самых маленьких пациентов — недоношенных новорождённых. В областном перинатальном центре "Мать и дит...

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастадыМаңғыстау облыстық «Ана мен бала» перина...
29/04/2026

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығында өңір тарихында алғаш рет шала туған нәрестелерге ретинопатия диагнозы бойынша жоғары технологиялық офтальмологиялық ота жүргізіле бастады.

Аталған мақсатта перинаталдық орталыққа заманауи медициналық диодты «АЛОД-01» лазерлік аппараты іске қосылды. Жаңа құрылғы шала туған нәрестелер арасында жиі кездесетін ретинопатия ауруын ерте кезеңде анықтап, дер кезінде тиімді ем жүргізуге және балалардың көру қабілетін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Заманауи қондырғы «Аяла» қайырымдылық қорының бастамасымен, сондай-ақ «Galamat» серіктестігі, Qazaq Oil компаниясы және «220 Вольт» компаниясының қолдауымен табысталды.

Облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығының директоры Жапырақ Епенованың айтуынша, бүгінде өңірдегі шала туған нәрестелердің басым бөлігі осы орталықта ем қабылдайды.

- Бүгінде облыстағы шала туған нәрестелердің 92%-ы осы орталықта ем алады. Кей жағдайларда аудандық немесе ауылдық жерлерде дүниеге келген сәбилер санитариялық авиация арқылы орталығымызға жеткізіледі. Осы уақытқа дейін орталығымызда жаңа туған нәрестелерге, соның ішінде өмірінің алғашқы 28 күніндегі балаларға неонаталдық хирургиялық көмектер көрсетіліп келді. Негізінен асқазан-ішек жолдарына жасалатын күрделі оталар орындалды. Енді бүгіннен бастап көздің тор қабығына жасалатын лазерлік оталарды да өзімізде жасауға мүмкіндік туып отыр. Бір ғана нәресте дүниеге келсе де, оған дер кезінде сапалы медициналық көмек көрсетілуі тиіс. Біздің мақсатымыз - әрбір сәбидің дені сау болып өсіп, жарқын болашаққа қадам басуына мүмкіндік жасау, - деді Жапырақ Епенова.

Бұған дейін ретинопатия диагнозы қойылған нәрестелер ем алу үшін Алматы және Астана қалаларына жіберілетін. Өткен жылдың өзінде 7 нәресте осындай жолмен тасымалданған. Енді жоғары мамандандырылған медициналық көмек өңірде жергілікті деңгейде көрсетіліп, облыстың барлық аудан және қалаларынан келетін шала туған нәрестелерді қамтуға мүмкіндік беріп отыр.

Қазіргі уақытта екі нәресте отаға дайындалды. Алғашқы оталар арнайы шақырылған медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР шала туған нәрестелер ретинопатиясы бойынша жетекші маман Әсел Шарипованың қатысуымен өтеді. Сонымен қатар орталық мамандарының бірі екі жыл бойы осы бағытта білімін жетілдіріп, консервативті және хирургиялық көмек көрсету бойынша толық дайындықтан өткен.

- Қазақстанда жыл сайын 20 мыңнан астам шала туған нәресте дүниеге келеді. Ретинопатияны емдеуде кей жағдайларда дәрігерлерде қажетті көмекті көрсету үшін небәрі 24-72 сағат қана уақыт болады. Егер осы уақыт өткізіліп алынса, бала көру қабілетін толық жоғалтуы мүмкін. Бүгінде лазерлік емдеу - шала туған нәрестелердегі соқырлықтың алдын алудың ең тиімді тәсілі болып саналады. Операцияның ұзақтығы баланың жалпы жағдайына, аурудың сатысына және көз торының зақымдану деңгейіне байланысты болады. Орта есеппен хирургиялық араласу 20 минуттан 2 сағатқа дейін созылады, - деді Әсел Шарипова.

Айта кету керек, ретинопатия - көздің ішкі қабаты болып табылатын тор қабықтағы қан тамырларының зақымдануы немесе дұрыс дамымауымен байланысты ауыр көз ауруы. Бұл дерт дер кезінде емделмеген жағдайда соқырлыққа алып келуі мүмкін.

Статистикалық деректерге сәйкес, ретинопатия көбіне шала туған және салмағы төмен нәрестелер арасында кездеседі. Атап айтқанда, салмағы 1000 граммға дейін туған нәрестелердің 60-80%, 1000-1250 грамм аралығында туған балалардың 40-60%, 1500 граммға дейін туған балалардың 35% дейін, ал 1500 граммнан жоғары туған нәрестелердің 5-6% көз торының жетілмеуі тіркеледі.

Ана мен бала орталығының қызметкерлері сенбілікке шықтыАна мен бала орталығының ұжымы қоршаған ортаны тазарту және абатт...
18/04/2026

Ана мен бала орталығының қызметкерлері сенбілікке шықты

Ана мен бала орталығының ұжымы қоршаған ортаны тазарту және абаттандыру мақсатында сенбілікке белсенді түрде қатысты. Іс-шара теңіз жағалауын қоқыстан тазартты. Сенбілікке қатысқан қызметкерлер бірлік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп, таза әрі жайлы орта қалыптастыруға өз үлестерін қосты.

Мұндай игі бастамалар өңірдің экологиялық мәдениетін арттырып, тұрғындарды тазалыққа шақыруға ықпал етеді.

17/04/2026

«Жүкті әйелдердің құсуы: себептері мен асқынудың алдын алу жолдары» тақырыбында еркін форматта дәріс ұйымдастырылды

Облыстық ана мен бала орталығында жүкті әйелдерге арналған ақпараттық-танымдық дәріс ұйымдастырылды. Іс-шара «Өзіміз отырып шәй ішейік» форматында өтіп, еркін әрі жылы атмосферада өтті.

Дәрісті орталықтың тәжірибелі гинеколог дәрігері Айгерім Мырзабай жүргізіп, «Жүкті әйелдердің құсуы: себептері мен асқынудың алдын алу жолдары» тақырыбында кеңінен түсіндірме берді. Кездесу барысында жүктілік кезіндегі токсикоздың пайда болу себептері, оның ағзаға әсері және жеңілдету жолдары туралы маңызды ақпараттар айтылды.

Сонымен қатар, шара барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, дәрігерден нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Ашық форматтағы сұрақ-жауап бөлімі жүкті әйелдер үшін ерекше пайдалы болды.

Мұндай кездесулер болашақ аналардың денсаулығын нығайтуға, ақпараттану деңгейін арттыруға және жүктілік кезеңін дұрыс әрі қауіпсіз өткізуге бағытталған.

Ана мен бала орталығында дөңгелек үстел өттіДенсаулық сақтау саласында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және т...
16/04/2026

Ана мен бала орталығында дөңгелек үстел өтті

Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және тіл саясатын дамыту мақсатында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында медицинадағы тілдің рөлі, пациент пен дәрігер арасындағы тиімді коммуникацияны қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық қызмет сапасын арттыру мәселелері қаралды.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, медициналық құжат айналымын қазақ тілінде жүргізу және пациенттердің өз денсаулығы туралы ақпаратты түсінікті тілде алу құқығын қамтамасыз ету бағыттары ерекше аталып өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік тілде қызмет көрсету деңгейін арттыру және цифрлық денсаулық сақтау жүйелерінде қазақ тілінің қолданысын кеңейту қажеттілігі айтылды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша медициналық ұйымдарда мемлекеттік тілде қызмет көрсету стандарттарын енгізу, медицина қызметкерлерінің тілдік құзыреттілігін арттыру және ақпараттық жүйелерді жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берілді.

МЕЖДУНАРОДНЫЕ ОРГАНИЗАЦИИ ОТМЕТИЛИ ПРОГРЕСС КАЗАХСТАНА В НЕОНАТАЛЬНОЙ ПОМОЩИСогласно опубликованному в марте 2026 года о...
14/04/2026

МЕЖДУНАРОДНЫЕ ОРГАНИЗАЦИИ ОТМЕТИЛИ ПРОГРЕСС КАЗАХСТАНА В НЕОНАТАЛЬНОЙ ПОМОЩИ

Согласно опубликованному в марте 2026 года отчету группы Всемирного банка совместно с ВОЗ, ЮНИСЕФ, ООН, IGME уровень неонатальной смертности (первые 28 дней жизни) в Казахстане составил 3,9 на 1000 новорожденных.

Это самый низкий показатель в Центральной Азии по итогам 2025 года. По сравнению с развитыми странами Казахстан уже практически сравнялся с США, где этот показатель составляет 3,7.

Казахстан достиг значительных результатов в развитии неонатальной помощи и выхаживании новорожденных, включая детей с экстремально низкой массой тела. Сегодня в стране успешно выхаживают младенцев с весом от 500 граммов как на уровне республиканских центров, так и в региональных перинатальных центрах.

Благодаря внедрению современных перинатальных технологий и высокому профессионализму наших специалистов, выживаемость таких детей увеличилась в четыре раза — это один из лучших показателей в Центральной Азии.

Ежегодно в Казахстане рождается порядка 20–22 тысяч недоношенных детей — около 5% от общего числа родов. При этом системное развитие службы родовспоможения и неонатологии позволило добиться устойчивого снижения смертности:
• младенческая смертность за 10 лет снизилась в 1,5 раза
• неонатальная — в 2 раза
• сегодня показатель достиг исторического минимума — 3,1 на 1000 живорожденных.

Выхаживание недоношенных детей — это сложная, круглосуточная работа. Из-за незрелости органов такие новорожденные требуют постоянного наблюдения, а медицинские команды проводят более 20 жизненно важных процедур ежедневно. Эти результаты — заслуга слаженной работы неонатологов и медицинских сестер, обладающих высокой квалификацией и специализированной подготовкой.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕОНАТАЛДЫҚ КӨМЕК САЛАСЫНДАҒЫ ІЛГЕРІЛЕУІН АТАП ӨТТІ2026 жылғы наурызда жарияланған Дүни...
14/04/2026

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕОНАТАЛДЫҚ КӨМЕК САЛАСЫНДАҒЫ ІЛГЕРІЛЕУІН АТАП ӨТТІ

2026 жылғы наурызда жарияланған Дүниежүзілік банк тобының ДДҰ, ЮНИСЕФ, БҰҰ, IGME ұйымдарымен бірлесіп дайындаған есебіне сәйкес Қазақстанда неонаталдық өлім-жітім деңгейі (өмірінің алғашқы 28 күні) 1000 тірі туғанға шаққанда 3,9-ды құрады.

Бұл 2025 жылдың қорытындысы бойынша Орталық Азиядағы ең төменгі көрсеткіш. Дамыған елдермен салыстырғанда Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша АҚШ-пен іс жүзінде теңесті, онда бұл деңгей 3,7-ні құрайды.

Қазақстан неонаталдық көмекті дамытуда және жаңа туған нәрестелерді, соның ішінде дене салмағы өте төмен балаларды күтіп-баптауда елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Бүгінде елде салмағы 500 грамнан бастап нәрестелер республикалық орталықтарда да, өңірлік перинаталдық орталықтарда да сәтті күтімге алынады.

Заманауи перинаталдық технологияларды енгізу мен мамандардың жоғары біліктілігінің арқасында мұндай балалардың өмір сүру көрсеткіші төрт есеге артты — бұл Орталық Азиядағы үздік нәтижелердің бірі.

Жыл сайын Қазақстанда шамамен 20–22 мың шала туған нәресте дүниеге келеді — бұл жалпы босанулар санының шамамен 5%-ын құрайды. Сонымен қатар, акушерлік және неонатологиялық қызметтердің жүйелі дамуы өлім-жітімнің тұрақты төмендеуіне мүмкіндік берді:
• нәрестелер өлім-жітімі 10 жылдың ішінде 1,5 есеге азайды
• неонаталдық өлім-жітім — 2 есеге төмендеді
• бүгінгі күні көрсеткіш тарихи минимумға жетті — 1000 тірі туғанға шаққанда 3,1.

Шала туған нәрестелерді күтіп-баптау — тәулік бойы жүргізілетін күрделі жұмыс. Ағзалардың жетілмеуіне байланысты мұндай жаңа туған нәрестелер тұрақты бақылауды қажет етеді, ал медицина қызметкерлері күн сайын 20-дан астам өмірлік маңызды емшараларды орындайды. Бұл нәтижелер — жоғары білікті әрі арнайы дайындықтан өткен неонатологтар мен мейіргерлердің үйлесімді еңбегінің жемісі.

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚҰҚЫҒЫ – МЕМЛЕКЕТ ҚОРҒАУЫНДА2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдум нәт...
07/04/2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚҰҚЫҒЫ – МЕМЛЕКЕТ ҚОРҒАУЫНДА

2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасының жаңа редакциядағы Конституциясы қабылданды. Сонымен қатар, оны іске асыру жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 17 наурыздағы №1206 Жарлығымен бекітілді.

Осыған байланысты денсаулық сақтау саласындағы конституциялық нормаларды бірізді түсіндіру және қолдану мақсатында Облыстық перинаталдық орталық қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес, Қазақстан – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық болып табылатын әлеуметтік мемлекет.

Осы қағидаға сай, денсаулық сақтау құқығы – адамның негізгі әлеуметтік-экономикалық құқықтарының бірі және мемлекет тарапынан кепілді түрде қорғалады.

Конституцияның 32-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес:
• әрбір азаматтың денсаулығын сақтауға құқығы бар;
• азаматтар заңда белгіленген, өздері ақы төлемейтін медициналық көмекті алуға құқылы.

Бұл нормалар Конституцияның 14-бабымен өзара байланыста қарастырылады. Аталған бапта адам құқықтары мен бостандықтарының ажырамас әрі мемлекетпен кепілдендірілетіні бекітілген. Яғни, мемлекет азаматтардың әлеуметтік және материалдық жағдайына қарамастан медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті.

«Өздері ақы төлемейтін медициналық көмек» ұғымы медициналық көмектің толықтай тегін екенін емес, оны қаржыландырудың әртүрлі көздер арқылы жүзеге асырылатынын білдіреді. Бұл азаматқа тікелей қаржылық жүктеменің жүктелмейтінін қамтамасыз етеді.

Медициналық көмек келесі көздер есебінен қаржыландырылуы мүмкін:
• мемлекеттік бюджет қаражаты;
• міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі;
• заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер (қайырымдылық, халықаралық ұйымдар және т.б.).

Осылайша, азаматтар медициналық көмекті тікелей төлемсіз алу мүмкіндігі сақталады.

Сонымен қатар, Конституцияның 41-бабына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары тек заңмен және тек денсаулықты, қоғамдық тәртіпті және өзге де конституциялық құндылықтарды қорғау мақсатында ғана шектелуі мүмкін. Бұл денсаулық сақтау саласының конституциялық деңгейдегі маңыздылығын айқындайды.

Конституцияның 5-бабына сәйкес, Конституция ең жоғары заңдық күшке ие және Республика аумағында тікелей қолданылады. Осыған байланысты барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар оның нормаларын бұлжытпай орындауға міндетті.

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУ ДӘРІСІ ӨТКІЗІЛДІМаңғыстау облыстық ана мен бала орталығының акушер-гинеколог д...
31/03/2026

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУ ДӘРІСІ ӨТКІЗІЛДІ

Маңғыстау облыстық ана мен бала орталығының акушер-гинеколог дәрігері Рауан Ақбергенқызы облыстық жедел жәрдем қызметкерлеріне арналған оқу-дәрісін өткізді.

Дәріс барысында «Медициналық мекемеден тыс босану кезіндегі тактика», «Үй жағдайында босануды қабылдау», «Жаңа туған нәрестені бастапқы қарау», сондай-ақ «Гипотермияның алдын алу» тақырыптары кеңінен қамтылды.

Іс-шараның мақсаты – жедел жәрдем қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, шұғыл жағдайларда ана мен балаға сапалы медициналық көмек көрсету дағдыларын жетілдіру.

Дәріс барысында теориялық мәліметтермен қатар тәжірибелік ұсыныстар беріліп, қатысушылар өзара пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.

📌 Мұндай оқыту шаралары медициналық қызмет сапасын арттыруға және төтенше жағдайларда тиімді әрекет етуге ықпал етеді.

Address

Aqtaý, 34A Sh/a, ANA Men BALA Ortalyǵy
Aktau
130000

Telephone

+77292305900

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы:

Share

Category