12/06/2025
АДЕНОИД ДЕГЕН НЕ ЖӘНЕ НЕГЕ БАЛАЛАРДА ҮЛКЕЙЕДІ?
✅ Аденоид – мұрын-жұтқыншақта орналасқан лимфа тінінен құралған без. Ол барлық балаларда болады және иммундық жүйенің бір бөлігі болып табылады. Аденоидтың негізгі қызметі – ағзаға түскен бактериялар мен вирустармен күресу.
⠀
‼️Алайда, бұл бадамша(миндалины) без қабынып, созылмалы түрде ұлғайса, балада тыныс алу, есту және иммунитетпен байланысты мәселелер туындайды.
⠀
🧒🏻 Аденоидтың ұлғаюы көбінесе 2 жастан 7 жасқа дейінгі балаларда кездеседі.
⠀
НЕГЕ АДЕНОИД ҮЛКЕЙЕДІ?
🔹 Жиі жұқпалы аурулар
🔹 Тұқымқуалаушылық
🔹 Аллергия – тозаң, жануар түгі, шаң-тозаң, тағам өнімдері сияқты аллергендер аденоидтың ұлғаюын тудыруы мүмкін
⠀
АДЕНОИДТЫҢ ҮЛКЕЮІ НЕНІМЕН ҚАУІПТІ?
🔸 Мұрынмен тыныс алудың қиындауы – бала үнемі аузымен демалады, бұл тістің дұрыс орналасуына және оттегінің жеткілікті түсуіне кедергі келтіреді
🔸 Жиі тыныс жолдарының қабынуы – аденоид созылмалы инфекция көзіне айналады
🔸 Есту қабілетінің нашарлауы – аденоидтар есту түтігін жауып тастауы мүмкін
🔸 Сөйлеу дамуының кешеуілдеуі
⠀
‼️ЕСКЕРТУ: Егер балаңызда аденоид белгілері байқалса, өздігінен ем қабылдамаңыз. Міндетті түрде ЛОР дәрігеріне қаралыңыз!