30/03/2026
Гормоналды фон - тек анализдер ғана емес
Бұл - сіз күнделікті не жейтініңізге де байланысты
Осы постты сақтап қойыңыз - бұл ақпарат сізге пайдалы болады 💛
🌸 Эстроген (нәзіктік, тері, цикл)
Қолдайтын өнімдер:
— зығыр және күнжіт тұқымы
— ноқат, жасымық
— брокколи, гүлді қырыққабат
— жидектер
💡 Маңызды: эстрогенді «көбейту» емес, балансын сақтау керек - артық мөлшері де зиян
🌙 Прогестерон (жүктілік, сабырлық, ЕАС(ПМС))
Қолдайтын өнімдер:
— B6 витамині (банан, картоп, тауық еті)
— магний (жаңғақтар, қара шоколад, шпинат)
— авокадо
💡 Прогестеронның төмен болуы көбіне стресспен байланысты
🌙 Мелатонин және ұйқы (ағзаның қалпына келуі)
Қолдайтын өнімдер:
— шие, банан
— жаңғақтар
— кешкі уақытта жылы тағам
💡 Ұйқы - гормоналды денсаулықтың негізі
🦋 Қалқанша без (энергия, зат алмасу)
Маңызды:
— йод (теңіз балығы, балдырлар)
— селен (бразилия жаңғағы)
— мырыш (асқабақ дәні, ет)
💡 Дефициттер - гормоналды бұзылыстардың жиі себебі
⚡ Кортизол (стресс гормоны)
Төмендетуге көмектеседі:
— ақуыз (жұмыртқа, балық, ет)
— күрделі көмірсулар (қарақұмық, киноа)
— С витамині (киви, цитрус)
— қара шоколад
❌ Аш қарынға кофе кортизолды көтеруі мүмкін
🍬 Қандағы қант (инсулин, салмақ, овуляция)
Тұрақтандырады:
— әр тамақта ақуыз + пайдалы майлар
— талшық (клетчатка) (көкөністер, тұтас дәнді өнімдер)
— даршын
❌ Қанттың күрт көтерілуі = гормоналды дисбаланс
✨ Есте сақтаңыз:
«Сиқырлы» бір өнім жоқ
Бәрі жүйелі тәсілге байланысты:
тамақтану + ұйқы + стресс деңгейі
Пікірге жазыңыз 👇
Қазір сіз үшін қайсысы маңызды - қалқанша без, цикл әлде ұйқы?