10/10/2025
01- 06.10.2025 жылы аралығында Алматы қаласы Алатау ауданында орналасқан № 23 Қалалық емханасы қарттар күніне орай салалы мамандардың қатысуымен тұрғындарға арнап ашық есік күнін өткізді. Айтулы іс-шараның мақсаты:
- қарт тұрғындарының денсаулығын жақсарту ;
- аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау;
- профилактикалық тексерістер мен кеңестер арқылы халықтың медициналық сауаттылығын күшейту.
Іс-шара барысында жүріп-тұруы қиындаған егде жастағы тұрғындарға үй жағдайында профилактикалық тексеріс жүргізіліп, дәрігерлердің кеңестері берілді. Сондай-ақ, емханада тұрғындарға салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған: «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»,» « Жаяу жүрудің пайдасы» атты ақпараттық парақшалар таратылды.