12/02/2026
№36 қалалық емхана АПВ-ға қарсы вакциналау бойынша ата-аналармен кездесу өткізіп жатыр
Алматы №36 қалалық емхана қызметкерлері Наурызбай ауданының білім бөлімімен бірлесіп, мектеп оқушыларының ата-анасына адам папилломасы вирусының (АПВ) алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесулерін ұйымдастырып жатыр. Кезекті жиналыс Наурызбай ауданының Инновациялық шығармашылық орталығында 5-7 сынып оқитын қыздардың ата-анасына арналды.
Медицина мамандары АПВ-ның жұғу жолдары, инфекциялану қаупі және алдын алу шаралары туралы кеңінен түсіндірді. Вирустың кең таралғаны, әрі жұқтыру көп жағдайда байқалмай өтетіні атап өтілді. Жатыр мойны обыры жағдайының 97%-ға жуығы дәл осы АПВ-мен байланысты. Сондықтан жасөспірім шақта уақтылы екпе алу - қорғанудың ең тиімді жолы.
Иммунопрофилактиканың жыныстық өмір басталғанға дейін барынша нәтижелі болатынына ерекше назар аударылды. Осыған байланысты екпе мектеп жасындағы балаларға жүргізіледі.
2024 жылғы қыркүйектен бастап мектептерде ата-ананың жазбаша келісімімен екі дозалы вакциналау тегін негізде жүргізіліп жатыр. Ең қауіпті, онкологиялық және өзге де ауруға әкелуі мүмкін вирус типтерінен қорғайтын төртвалентті «Гардасил» вакцинасы қолданылады.
Препараттың тиімдігі мен қауіпсіздігі халықаралық зерттеулермен дәлелденген. Вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған, сондай-ақ АҚШ-тың Азық-түлік өнімі мен дәрілік заттарды бақылау басқармасы бекіткен. Қалыптасқан иммунитет кемінде 10 жыл сақталады және ревакциналауды қажет етпейді.
Кездесу барысында дәрігерлер ата-аналардың сұрағына жауап беріп, балалық шақтағы вакциналау - баланың денсаулығын қорғаудың сенімді жолы әрі болашақта ауыр аурудың алдын алу үшін жасалған маңызды үлес екенін баса айтты.
🔹🔹🔹
Городская поликлиника №36 проводит встречи с родителями по вакцинации против ВПЧ
В Алматы сотрудники городской поликлиники №36 совместно с отделом образования Наурызбайского района организуют информационно-разъяснительные встречи с родителями школьников по вопросам профилактики вируса папилломы человека (ВПЧ). Очередное собрание прошло в Центре инновационного творчества Наурызбайского района для родителей девочек 5–7 классов.
Медицинские специалисты рассказали о путях передачи ВПЧ, рисках инфицирования и мерах профилактики. Подчёркнуто, что вирус широко распространён, а заражение может происходить незаметно. До 97% случаев рака шейки матки связаны именно с ВПЧ, поэтому наиболее эффективной мерой защиты является своевременная вакцинация в подростковом возрасте.
Особый акцент сделан на том, что иммунопрофилактика наиболее результативна до начала половой жизни — именно поэтому прививка проводится детям школьного возраста.
С сентября 2024 года в школах проводится бесплатная двухдозовая вакцинация с письменного согласия родителей. Используется четырёхвалентная вакцина Гардасил, защищающая от наиболее опасных типов вируса, вызывающих онкологические и другие заболевания.
Эффективность и безопасность препарата подтверждены международными исследованиями. Вакцина одобрена Всемирная организация здравоохранения и Управление по контролю за продуктами и лекарствами США. Сформированный иммунитет сохраняется не менее 10 лет и не требует ревакцинации.
Врачи ответили на вопросы родителей и напомнили: вакцинация в детском возрасте — это надёжная защита здоровья ребёнка и вклад в профилактику серьёзных заболеваний в будущем.