10/11/2015
Дүние түн құшағында. Дүниені жаратқан құдірет əлдилеп тұр. Жаратқан Құдірет үшін дүние деген бар болғаны сəби ғана ғой. Ол үшін Кавказының өзі бір қиыршық құм сияқты. Кавказың не, бүкіл Жер шарының өзі Құдірет үшін бір түйір тарыдай ғана ғой. Ал, адамдар көппіз дейді, адамнан күшті ешкім жоқ дейді. Сөйтіп бір-бірімен күш сынасады. Бірімен-бірі жауығады. Бəрі үстемдік, өктемдік үшін. Өйткені, үстем болса-билік болады. Билік болса-күшті болады. Сол үшін де, бір-бірін тобықтан қағып, тоңқалан асырып жатады. Сөйтіп жүрген пенделер, не бəрі пенде екенін, бəрі жиылып бір-ақ тарының қауызына тығылып өмір сүріп, туып, өліп, қайта туып, қайта өліп жатқанын мойындағысы келмейді.
#Түнгі #ойлар #КітапОқып
Шерхан Мұртаза "Қызыл жебе" романы