Больница скорой неотложной помощи г. Алматы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Almaty
  • Больница скорой неотложной помощи г. Алматы

Больница скорой неотложной помощи г. Алматы Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы

Больница скорой неотложной помощи г. Алматы - это многопрофильная клиника, где оказывают высококвалифицированную экстренную и плановую медицинскую помощь жителям г.Алматы, республики, а также иностранным гражданам. в 2016 году БСНП исполняется 120 лет.

В больнице развернуто 355 коек стационара, из которых 50 являются хозрасчетными и 15 коек отделения дневного стационара. Медицинский персонал бо

льницы составляют высококвалифицированные специалисты, имеющие большой практический опыт, а так же в лечебном процессе принимают активное участие профессора, доценты, ассистенты кафедр КазНМУ им.Асфендиярова, Казахстанско-Российского университета, КазМУНО (бывший АГИУВ), базирующиеся в БСНП.

Больница активно сотрудничает с другими лечебными учреждениями, как в самой республике, так и лечебными учреждениями ближнего и дальнего зарубежья.

В БСНП функционирует единственное в Алматы отделение токсикологии, где врачи круглосуточно оказывают специализированную помощь пациентам с различного вида токсикологическими и химическими отравлениями, при отравлениях вызванными укусами ядовитых насекомых, змей, ядовитыми растениями.

Ұлыстың ұлы күні - әз-Наурыз құтты болсын!Наурыз - жаңару мен жасампаздықтың, ырыс пен берекенің бастауы.Наурыз әр шаңыр...
21/03/2026

Ұлыстың ұлы күні - әз-Наурыз құтты болсын!

Наурыз - жаңару мен жасампаздықтың, ырыс пен берекенің бастауы.
Наурыз әр шаңыраққа шаттық, әр отбасына амандық пен молшылық әкелсін.

Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тілейміз!

Ізгі ниетпен,
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы

---

Поздравляем с праздником Наурыз!

Наурыз - это символ обновления, добра и благополучия.
Пусть этот светлый праздник принесёт в каждый дом радость, тепло и достаток, а в ваши сердца - гармонию и надежду.

Желаем вам крепкого здоровья, счастья и благополучия!

С уважением,
Городская больница скорой неотложной помощи Алматы
#подписчики

20/03/2026

Көктеммен бірге келген жаңару мен ізгіліктің жаршысы - Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мейрамы - бірлік пен берекенің, мейірім мен жақсылықтың ортақ көрінісі.

Ал Наурызнама онкүндігі аясында аталып өткен Ұлттық киім күні - ұлттық болмысымызды айшықтап, салт-дәстүрімізді ұлықтаудың жарқын белгісі. Ұлттық киім - тек мерекелік нақыш емес, ол - ұлт рухын танытатын құндылық. Сондықтан оны тек арнайы күндерде ғана емес, күнделікті өмірде де дәріптеу - уақыт талабы.

Қасиетті Ораза айт - кешірім мен мейірімнің, сабыр мен шүкірдің мерекесі.
Жүректі жақындатып, ниетті тазартатын ерекше күн.

Осы игі дәстүрлер тоғысқан сәтте Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының ұжымы адам өмірі мен денсаулығын сақтауды басты құндылық санай отырып, жанашырлық пен қамқорлықтың, кәсібилік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетеді.

Ақ халатты абзал жандар үшін әр күн - үміт сыйлау,
әр сәт - өмірге араша түсу.
Бұл - мамандық қана емес, бұл -жүрек таңдауы!

Әр күн - жақсылыққа бастасын,
әр қадам - мейірімге толсын.

Береке-бірлігіміз артып, шаңырағымыз шаттыққа тола берсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Айт қабыл болсын!
#подписчики #ҚазақстанМедицинасы

16/03/2026

🔷 ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚОРҒАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЗАҢНАМАЛЫҚ ШАРАЛАР КҮШІНЕ ЕНДІ

Бүгін, 2026 жылғы 7 наурызда Қазақстанда медицина қызметкерлеріне қатысты физикалық күш қолдану мен қорқыту әрекеттері үшін жазаны күшейту туралы Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп, қабылданған Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді.

Бұл өзгерістер Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізуді көздейді. Аталған бап медицина қызметкерлерінің, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем бригадалары жүргізушілерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне қол сұғу үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейді.

Құжат нормаларына сәйкес:
• күш қолдану қаупін төндіргені үшін 200-ден 500-ге дейін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, не 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы көзделген;

• аталған әрекеттер ауырлататын мән-жайларда жасалған жағдайда жаза күшейтіліп, 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыруды құрайды;

• өмірге және (немесе) денсаулыққа қауіпті емес күш қолданылған жағдайда 500-ден 1000-ға дейін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, не 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы көзделген;

• өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолдану 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен, ал ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады.

Сонымен қатар заңнамалық өзгерістермен қатар медициналық ұйымдарда медицина қызметкерлерінің жұмыс орындарындағы қауіпсіздігін күшейту бойынша қосымша шаралар енгізілуде.

Орта мерзімді кезеңде мынадай шаралар жоспарланған:
• 2,1 мыңнан астам фельдшерді бейнежетондармен жабдықтау;
• 636 қабылдау бөлімшесінде дабыл түймелерін орнату;
• бейнебақылау жүйелерін интеллектуалды аналитикамен біріктіру;
• елдегі 152 стационарда тәулік бойы жұмыс істейтін полиция посттарының қызметін қамтамасыз ету.

Бұған дейін Президент медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен әл-ауқатына зиян келтіретін мұндай оқиғалар «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының қағидаттарына сәйкес құқықтық алаңда қатаң түрде тоқтатылуы тиіс екенін атап өткен болатын.

2019 жылдан бері Қазақстанда дәрігерлерге, фельдшерлерге, мейіргерлерге және денсаулық сақтау жүйесінің басқа да қызметкерлеріне қатысты 280-нен астам шабуыл фактісі тіркелген.

16/03/2026

🔷 В КАЗАХСТАНЕ ВСТУПИЛИ В СИЛУ ЗАКОНОДАТЕЛЬНЫЕ МЕРЫ ПО ЗАЩИТЕ МЕДРАБОТНИКОВ

Сегодня, 7 марта 2026 года в Казахстане вступили в силу изменения в Уголовный кодекс, разработанные и принятые по поручению Главы государства по ужесточению наказания за физическое насилие и угрозы в адрес медицинских работников.

Они предусматривают введение в УК новой статьи, устанавливающей уголовную ответственность за посягательство на жизнь, здоровье и безопасность медицинских работников, а также водителей бригад скорой медицинской помощи при исполнении ими служебных обязанностей.

В соответствии с нормами документа:
• за угрозу применения насилия, предусматривается наказание в виде штрафа от 200 до 500 месячных расчётных показателей (МРП), либо исправительных работ в том же размере, либо общественных работ до 300 часов, либо ограничения или лишения свободы сроком до 2 лет;

• при совершении указанных деяний при отягчающих обстоятельствах наказание ужесточается и составит от 2 до 3 лет ограничения или лишения свободы;

• при применения насилия не опасного для жизни и (или) здоровья, предусматривается наказание в виде штрафа от 500 до 1000 месячных расчётных показателей (МРП), либо исправительных работ в том же размере, либо общественных работ до 600 часов, либо ограничения или лишения свободы сроком от 2 до 3 лет ограничения или лишения свободы;

• применение насилия, опасного для жизни и здоровья, будет наказываться лишением свободы на срок от 5 до 10 лет, а при наличии отягчающих обстоятельств — от 7 до 12 лет.

Одновременно с законодательными изменениями в медицинских организациях внедряются дополнительные меры безопасности медиков на рабочих местах.

В среднесрочной перспективе запланировано:
• Оснащение более 2,1 тыс. фельдшеров видеожетонами.
• Установка тревожных кнопок в 636 приемных отделениях.
• Интеграция систем видеонаблюдения с интеллектуальной аналитикой.
• Поддержание работы круглосуточных полицейских постов в 152 стационарах страны.

Президент ранее отмечал, что подобные инциденты, наносящие ущерб здоровью и благополучию медицинских работников, должны решительно пресекаться в правовом поле в соответствии с принципами концепции «Закон и Порядок».

С 2019 года в Казахстане зарегистрировано более 280 фактов нападений на врачей, фельдшеров, медицинских сестёр и других работников системы здравоохранения.

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!Әйел - мейірім, даналық, төзім мен сұлулықтың символы. Қоғамның әр сала...
08/03/2026

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

Әйел - мейірім, даналық, төзім мен сұлулықтың символы. Қоғамның әр саласында, әсіресе медицинада әйелдердің еңбегі ерекше. Күн сайын адам өмірі мен денсаулығы үшін аянбай қызмет етіп жүрген барлық дәрігер, медбике - жалпы медицина саласының аруларына алғыс білдіреміз.

Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, көктемдей шуақты көңіл күй мен толайым табыс тілейміз! Әр күніңіз қуаныш пен жылулыққа толы болсын!

Ізгі ниетпен,
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы

~~~

С Международным женским днём - 8 Марта!

Женщина олицетворяет доброту, мудрость, силу и красоту. Ваш труд играет огромную роль во всех сферах общества, особенно в медицине. Вы ежедневно проявляете профессионализм, заботу и самоотверженность, сохраняя здоровье и спасая жизни людей.

Желаем вам крепкого здоровья, благополучия в семье, весеннего настроения, счастья и новых успехов! Пусть каждый день будет наполнен радостью, теплом и вдохновением!

С уважением, Городская больница скорой неотложной помощи Алматы

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында ұжымның әйел қызме...
06/03/2026

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында ұжымның әйел қызметкерлеріне арналған мерекелік шара өтті.

Жиында директор Алмаз Джувашев аурухана аруларын көктем мерекесімен құттықтап, олардың медицина саласындағы қажырлы еңбегі мен жоғары кәсібилігін ерекше атап өтті. Ол күн сайын пациенттердің өмірі мен денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген дәрігерлерге, медбикелерге - аурухананың барлық әйел қызметкеріне шынайы алғысын білдірді.

Мереке қарсаңында бірқатар қызметкер марапатталды:
- Алматы қаласы әкімінің Алғыс хатымен ҚЖШККА анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі Бердалина Гульнара Садырбековна марапатталды.

- Алмалы ауданы әкімінің Алғыс хаты статист маман Жанузакова Зоя Усенбековнаға табысталды.

Сондай-ақ аурухана директоры Алмаз Джувашевтің атынан «Аурухананың дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен:
- ПҚжІАҚ басшысы Кенесбекова Индира Курбанбековна,
- профессор, дәрігер-нефролог Чингаева Гульнар Нуртасовна,
- КДЗ меңгерушісі Тажиева Элеонора Абжеловна марапатталды.

Бұдан бөлек, аурухананың түрлі бөлімшесінде еңбек ететін 24 қызметкерге директордың Алғыс хаты табысталды.

Салтанатты шара барысында жылы лебіздер айтылып, мерекелік құттықтаулар мен шағын концерттік бағдарлама ұсынылды.

Аурухананың әйел қызметкерлері - кәсібилік пен жанашырлықтың жарқын үлгісі. Олар күн сайынғы еңбегі арқылы талай жанға үміт сыйлап, өмірге деген сенімін нығайтып келеді.

Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы аруларды кел жатқан 8 Наурыз - көктемнің шуақты мерекесімен құттықтайды.
#подписчики

В Городской больнице скорой неотложной помощи Алматы накануне Международного женского дня - 8 Марта поздравили женскую п...
06/03/2026

В Городской больнице скорой неотложной помощи Алматы накануне Международного женского дня - 8 Марта поздравили женскую половину коллектива с наступающим праздником.

В ходе торжественного мероприятия директор больницы Алмаз Джувашев поздравил сотрудниц с праздником и отметил их высокий профессионализм, ответственность и значительный вклад в развитие медицинской организации.

В преддверии праздника ряд сотрудников был отмечен наградами:
- Благодарственным письмом акима города Алматы награждена заведующая ОАРИТ Бердалина Гульнара Садырбековна.

- Благодарственное письмо акима Алмалинского района вручено специалисту статкабинета Жанузаковой Зое Усенбековне.

Также медалью «За вклад в развитие больницы» от имени директора больницы Алмаза Джувашева награждены:
- руководитель СППиВА Кенесбекова Индира Курбанбековна,
- профессор, врач-нефролог Чингаева Гульнар Нуртасовна,
- заведующая КДЛ Тажиева Элеонора Абжеловна.

Кроме того, 24 сотрудницы различных подразделений больницы были отмечены благодарственными письмами директора.

Во время праздничной встречи прозвучали теплые слова поздравлений, а также были организованы творческие выступления.

Женщины - врачи, медсестры и сотрудники различных подразделений больницы - ежедневно дарят пациентам надежду и укрепляют их веру в жизнь своим трудом и заботой.

Городская больница скорой неотложной помощи Алматы поздравляет всех женщин с наступающим прекрасным весенним праздником - 8 Марта.
#подписчики

03/03/2026

Озық технология - адам өміріне араша

Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінде инновациялық ORBEYE экзоскопы арқылы аса күрделі микротамырлық оталар жасалады.

Бұл технология омыртқаға жасалатын оталармен шектелмейді. Ол миға қатысты күрделі нейрохирургиялық араласуларда да нәтижелі қолданылып жүр.

Бейнежазбада беткей самай артериясын бөліп алып, оны ортаңғы ми артериясының қыртыстық тармақтарымен жалғау кезеңі көрсетілген. Бұл - жоғары дәлдікті, асқан ұқыптылықты әрі анық көру мүмкіндігін қажет ететін микротамырлық әдіс.

Бұрын мұндай оталар оталық микроскоп арқылы орындалатын. Қазір мамандар заманауи 4K 3D экзоскопты пайдаланады. Соның арқасында:
- ота аймағы анық әрі айқын көрінеді;
- әр кезеңнің дәлдігі артады;
- хирургтің жұмыс ыңғайы жақсарады;
- пациент қауіпсіздігі артады.

Аталған технология ҚЖШККА нейрохирургия бөлімшесінің күнделікті тәжірибесінің бір бөлігіне айналды.

Медицинадағы жаңашылдық - адам өмірін сақтауға жол ашатын мүмкіндік.
#подписчики #ҚазақстанМедицинасы

03/03/2026

Современные технологии - на службе безопасности пациентов

В отделении нейрохирургии Городской больницы скорой неотложной помощи Алматы выполняют сложнейшие микрососудистые операции с использованием инновационного экзоскопа ORBEYE.
Технология успешно применяется не только при спинальных операциях, но и при сложных нейрохирургических вмешательствах на головном мозге.

На видео представлен фрагмент операции по выделению поверхностной височной артерии с последующим формированием анастомоза с корковыми ветвями средней мозговой артерии - это высокоточная микрососудистая техника, требующая ювелирной работы и максимальной визуализации.

Если ранее подобные вмешательства выполнялись исключительно под операционным микроскопом, сегодня наши специалисты применяют современную 4K 3D-экзоскопию.
Это позволяет:
- добиться сверхчеткой детализации операционного поля
- повысить точность каждого этапа вмешательства
- улучшить эргономику работы хирурга
- обеспечить максимальную безопасность пациента.

В ГБСНП Алматы эта технология уже активно внедрена в практику нейрохирургического отделения.

Инновации в медицине - это новые возможности для спасения жизней.
#подписчики #ҚазақстанМедицинасы

27/02/2026

В нейрохирургическом отделении Городской больницы скорой неотложной помощи Алматы внедрены современные технологии выполнения операций на позвоночнике - с применением интраоперационного КТ O-Arm и системы нейронавигации Stealth Station S8.

Современное оборудование позволяет выполнять установку транспедикулярных винтов и межтеловых кейджей с высокой точностью и дополнительным контролем безопасности во время операции.

O-Arm (Medtronic) - мобильный интраоперационный компьютерный томограф, обеспечивающий 2D- и 3D-визуализацию прямо в операционной. Хирург получает трёхмерное изображение позвоночника в режиме реального времени и может контролировать положение каждого винта и импланта до завершения вмешательства.

Нейронавигационная система - технология, позволяющая интегрировать КТ/МРТ снимки позвоночника/головы пациента с его интраоперационным положением, высчитывать траекторию инвазии, глубину и положение имплантов, находить минимально короткий путь к нужной анатомической зоне без вреда для значимых структур организма в режиме реального времени.Это значительно повышает безопасность вмешательств в анатомически сложных зонах.

Преимущества применения данных технологий:
✔ Повышенная точность установки транспедикулярных конструкций
✔ Контроль положения винтов и кейджей в режиме 3D
✔ Снижение необходимости повторных вмешательств
✔ Минимизация лучевой нагрузки на операционную бригаду
✔ Повышение безопасности операций на позвоночнике

«Использование интраоперационного КТ и нейронавигатора позволяет нам контролировать каждый этап операции в режиме реального времени. Это особенно важно при сложных вмешательствах на позвоночнике. Технологии дают возможность повысить точность установки конструкций и дополнительно снизить риски для пациента, а так же практически полностью избежать лучевой нагрузки для операционной бригады», - отмечает заведующий отделением нейрохирургии ГБСНП Константин Ли.

Новое оборудование приобретено при поддержке акимата города, Управления общественного здравоохранения и руководства больницы.

Использование системы О-Аrm и нейронавигации соответствует современным международным стандартам спинальной нейрохирургии и расширяет возможности оказания высокотехнологичной медицинской помощи в Алматы.
#ҚазақстанМедицинасы #подписчики

Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы нейрохирургия бөлімшесінде заманауи технологиямен омыртқаға жасалаты...
27/02/2026

Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы нейрохирургия бөлімшесінде заманауи технологиямен омыртқаға жасалатын оталар енгізілді.

Енді хирургиялық ем интраоперациялық КТ O-Arm және StealthStation S8 нейронавигациялық жүйесінің көмегімен жүргізіледі.

Жаңа жабдық транспедикулярлық бұранда мен омыртқааралық кейджді жоғары дәлдікпен орнатуға және ота барысында қауіпсіздікті қосымша бақылауға мүмкіндік береді.

O-Arm (Medtronic) - ота жасауда қолданылатын жылжымалы интраоперациялық компьютерлік томограф.
Ол 2D және 3D форматта нақты уақыт режимінде кескін жасап, хирургке әр бұранда мен импланттың орналасуын ота аяқталғанға дейін бақылауға жағдай жасайды.

Нейронавигациялық жүйе - науқастың КТ/МРТ кескінін ота кезіндегі анатомиялық қалпымен сәйкестендіріп, кіру бағытын, тереңдігін және импланттың орналасуын дәл есептеуге мүмкіндік беретін жоғары технологиялық жүйе.
Бұл маңызды анатомиялық құрылымға зиян келтірмей, қажетті аймаққа ең қысқа әрі қауіпсіз жолмен жетуге жағдай жасайды. Әсіресе анатомиялық тұрғыдан күрделі аймақтағы отаның қауіпсіздігін арттырады.

Аталған технологиялардың артықшылығы:
✔ Транспедикулярлық құрылымды орнатудың жоғары дәлдігі
✔ Бұранда мен кейдждің орналасуын 3D форматта бақылау
✔ Қайта ота жасау қажеттігінің төмендеуі
✔ Ота жасау тобы үшін сәулелік жүктеменің барынша азаюы
✔ Омыртқаға жасалатын отаның қауіпсіздігінің артуы.

«Интраоперациялық КТ мен нейронавигацияны қолдану бізге отаның әр кезеңін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, омыртқаға жасалатын күрделі араласу кезінде аса маңызды. Технология құрылымды дәл орналастыруға және науқас үшін қауіп-қатерді азайтуға жағдай жасайды, сондай-ақ ота жасайтын топқа түсетін сәулелік жүктемені іс жүзінде толық жояды», - дейді ҚЖШККА нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Константин Ли.

Жаңа жабдық Алматы қаласы әкімдігінің, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының және аурухана басшылығының қолдауымен сатып алынды.

O-Arm жүйесі мен нейронавигацияны қолдану жұлын нейрохирургиясындағы халықаралық талаптарға сай келеді және Алматыда жоғары технологиялық медициналық көмектің мүмкіндігін кеңейтеді.
#подписчики #ҚазақстанМедицинасы

Address

Улица Казыбек би, 96
Almaty

Telephone

+77272923816

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Больница скорой неотложной помощи г. Алматы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to Больница скорой неотложной помощи г. Алматы:

Share

Category