Atyraý oblystyq aýrýhana 2

Atyraý oblystyq aýrýhana 2 Атырау облыстық инфекциялық аурухана

14/11/2025

😷 4. Респираторлық (жөтел) этикет

— Жөтелгенде немесе түшкіргенде аузыңызды және мұрныңызды орамалмен, салфеткамен немесе шынтақтың сыртымен жабыңыз.
— Қолмен жабуға болмайды!
— Қоғамдық орында міндетті түрде бетперде (маска) қолданыңыз.
Денсаулық Сақтау Басқармасы Атырау

14/11/2025

🏠 ЖРВИ кезінде не істеу керек?

Аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде ең бастысы — өзгелерге жұқтырмау және ағзаны қолдау.

🔹 Үй жағдайында оқшауланыңыз — вирустың таралуын тоқтату үшін қоғамдық орындарға шықпаңыз, басқа адамдармен жақын байланыста болмаңыз.

🔹 Көп мөлшерде сұйықтық ішіңіз — жылы шай, сорпа ағзадан токсиндердің шығуына және қалпының тезірек қалпына келуіне көмектеседі.

🔹 Қызу көтерілгенде — парацетамол немесе ибупрофен сияқты дәрілерді, яғни симптоматикалық емді қолдануға болады. Ал осельтамивир, занамивир сияқты вирусқа қарсы препараттар тек дәрігердің кеңесімен тағайындалады.

👶 Балалар ауырған жағдайда — міндетті түрде үйге дәрігер шақыртыңыз, себебі ерте басталған ем асқынудың алдын алады.

🩺 Медициналық көмек қолжетімді

Қазіргі уақытта барлық емханаларда:
✅ мобильді бригадалар жұмыс істейді;
✅ фильтр кабинеттерінде ЖРВИ белгілері бар науқастар қабылданады;
✅ демалыс күндері де кезекші дәрігерлер қабылдау жүргізуде.

🧡 Өз денсаулығыңызды және жақындарыңызды қорғаңыз!
Ерте басталған ем – тез сауығудың кепілі!
Денсаулық Сақтау Басқармасы Атырау

14/11/2025

💬 Ауырып ем іздегенше – ауырмайтын жол ізде!

🩺 1. Тұмауға қарсы екпе — сенімді қорғаныс

Тұмауға қарсы вакцина еліміздің барлық өңірінде 15 қыркүйектен бастап жүргізіледі.
Екпе алу жиі ауыратын, қосалқы аурулары бар сәбилер мен егде жастағыларға,
жүкті әйелдерге, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне міндетті түрде ұсынылады.

💉 Вакцина 100% қорғамаса да, аурудың ауыр өтуі мен асқынулардың алдын алады.
Егер екпе алуға қарсы көрсеткіштер болса, сол адамды қорғау үшін үй-ішінің басқа мүшелері екпе алуы қажет.

🚫 2. Қарым-қатынасты шектеу

Маусымдық ауру өршіген кезде:
— адамдар көп жиналатын жерлерге бармаңыз;
— науқас адаммен жақын қатынастан сақ болыңыз.

🧼 3. Қол жуу ережесін ұстаныңыз

Қолды сабындап жиі және мұқият жуу — жұқпаның алдын алудың ең тиімді тәсілі.

✅ Қоғамдық орыннан кейін
✅ Түшкіріп, жөтеліп болған соң
✅ Тамақ ішер алдында
✅ Үйге кірген кезде — міндетті түрде жуыңыз.

🌿 4. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз

— Дұрыс және теңгерімді тамақтаныңыз
— Жеткілікті ұйықтаңыз
— Күніне кемінде 30 минут таза ауада серуендеңіз
— Иммунитетті нығайтыңыз

💚 Денсаулық – өз қолыңда!
Алдын алу – ең тиімді ем.
Денсаулық Сақтау Басқармасы Атырау

14/11/2025

🦠 ЖРВИ туралы не білу керек?

Жедел респираторлы-вирустық инфекцияның (ЖРВИ) 300-ге жуық қоздырғышы белгілі.
Олардың ішінде:
🔹 тұмау және қостұмау вирустары,
🔹 риновирус,
🔹 метапневмовирус,
🔹 аденовирус,
🔹 респираторлы-синцитиальды вирус және басқа да көптеген түрлері бар.

ЖРВИ ауру адамнан сау адамға ауа-тамшы жолымен жұғады:
– түшкіргенде,
– жөтелгенде,
– сөйлескенде,
– сондай-ақ тұрмыстық қарым-қатынас кезінде де берілуі мүмкін.

⚠️ Аурудың белгілері:
• дене қызуының көтерілуі (кейде 39–40°C дейін),
• бас, бұлшықет, буын, сүйек және тамақ ауырсынуы,
• құрғақ жөтел,
• кей жағдайларда – құсу мен диарея.

🚨 Мүмкін асқынулар:

Ем дұрыс жүргізілмесе немесе иммунитет әлсіресе, келесі асқынулар дамуы мүмкін:
👉 отит,
👉 синусит,
👉 пневмония,
👉 менингит,
👉 энцефалит,
👉 бактериалды инфекцияның қосылуы.

🩺 Денсаулығыңызды күтіңіз!
Алғашқы белгілер байқалса — өздігінен емделмей, дәрігерге жүгініңіз.
Денсаулық Сақтау Басқармасы Атырау

14/11/2025

🩺 Маман кеңесі Атырау облыстық инфекциялық ауруханасының кеңес-диагностикалық бөлімінің меңгерушісі, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас маман-балалар инфекционисті Қизатова Нұрфия Төлемісқызы кеңес береді:
🦠 ЖРВИ (жедел респираторлы-вирустық инфекция) маусымдық көтерілуі қазір тек Атырау қаласында ғана емес, Алматы, Астана және еліміздің барлық өңірлерінде, сондай-ақ шетелдерде де байқалып отыр. 📈 Ауру көбінесе ерте жастағы сәбилер мен жүкті әйелдер арасында жиірек тіркелуде.
Денсаулық Сақтау Басқармасы Атырау

30/10/2025

Күзгі-қысқы маусым суық тию, вирустардың таралуы және иммунитеттің әлсіреуімен қатар келеді.
ДДСҰ әрбір адамды, әсіресе қауіп тобына кіретіндерді, екпе салдыруға және күн сайын аурудың алдын алуға көмектесетін қарапайым қадамдарды орындауға шақырады.
1. Екпе алыңыз – тіркелген мемлекеттік емханада мүмкіндік болған сәтте тұмауға қарсы вакцина салдырыңыз.
2. Ауырып қалсаңыз, үйде болыңыз.
3. Ауру белгілері пайда болса, бетперде тағыңыз.
4. Түшкіргенде немесе жөтелгенде аузыңыз бен мұрныңызды жабыңыз.
5. Қолыңызды жиі жуыңыз.
6. Бөлмені тұрақты түрде желдетіп тұрыңыз.

Осенне-зимний сезон приносит простуды, вирусы и ослабление иммунитета.
ВОЗ призывает каждого человека, и особенно тех, кто подвержен более высокому риску, обязательно сделать прививку и каждый день выполнять простые шаги, которые позволят защититься от болезни.
1. Сделайте прививку, как только вам будет предложена такая возможность в государственных поликлиниках по месту прикрепления.
2. Если вы заболели, оставайтесь дома.
3. Если у вас появились симптомы болезни, носите маску.
4. Чихая, прикрывайте рот и нос.
5. Регулярно мойте руки.
6. Регулярно проветривайте помещения.

30/10/2025

В НИИ КАРДИОЛОГИИ И ВНУТРЕННИХ БОЛЕЗНЕЙ УСПЕШНО ВЫПОЛНЕНА ТРЕТЬЯ В ЭТОМ ГОДУ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ СЕРДЦА

📌 В НИИ кардиологии и внутренних болезней командой анестезиологов и кардиохирургов во главе с председателем правления Рустемом Тулеутаевым была проведена третья в текущем году трансплантация сердца.

🔷 Донором стала 63-летняя женщина, госпитализированная в Центральную городскую больницу г. Алматы, у которой врачи констатировали смерть головного мозга.

Сердце было пересажено 36-летнему алматинцу с дилатационной кардиомиопатией, тромбом в полости левого желудочка, хронической сердечной недостаточностью со сниженной фракцией выброса - 24%.

Его беспокоили одышка при незначительной физической нагрузке, перебои в работе сердца, общая слабость, головокружение, шаткость при ходьбе. Несмотря на проводимое лечение, улучшения не наступало. До трансплантации был имплантирован кардиовертер-дефибриллятор. Из-за отсутствия эффекта лечения он был включен в лист ожидания трансплантации сердца.

«К сожалению, количество больных с терминальной стадией застойной сердечной недостаточности увеличивается из года в год. Но из-за дефицита донорского органа, не всем, кто нуждается в пересадке, выполняется трансплантация. Хочу выразить слова искренней благодарности Республиканскому центру по координации трансплантации и высокотехнологичных медицинских услуг и его руководству в лице Айдара Кинжитаевича за организацию и координацию такого сложного процесса. Мы также глубоко признательны коллегам с медицинских организаций города за помощь и поддержку, семье донора за их мудрое решение и спасение жизни пациентов», – делится первый руководитель клиники.

👀 Благодаря согласию родственников донора удалось помочь и спасти жизнь 6 людей. Помимо сердца, была проведена трансплантация сразу нескольких жизненно важных органов, это: печень, правая и левая почки, две роговицы.

🔷 На сегодняшний день, в листе ожидания на пересадку сердца в Казахстане стоят 143 взрослых и 6 детей.

Құрметті Атырау облысының тұрғындары!31 қазан күні Атырау қаласы мен барлық аудандарда “Халық заңгері” республикалық әле...
24/10/2025

Құрметті Атырау облысының тұрғындары!

31 қазан күні Атырау қаласы мен барлық аудандарда “Халық заңгері” республикалық әлеуметтік акциясы өткізіледі.

Мекенжайлар:📍📍📍

🕰 Сағат 17:00
🔹 АТЫРАУ қаласы: “Абай” оқу орталығы.

🕰 Сағат 10:00
🔹 ЖЫЛЫОЙ ауданы: “Беркәд” Сауда орталығы.
Қараарна а/о.: “Шоқпартоғай” Мәдениет үйі.

🔹 ҚҰРМАНҒАЗЫ ауданы: “С. Көшекбаев” Мәдениет үйі.
Жаңаталап а/о.: “Жаңаталап” Мәдениет үйі.

🔹 МАХАМБЕТ ауданы: “Азаматтарға арналған үкімет” Махамбет аудандық филиалы.
Жалғансай а/о.: “Шалқыма” Мәдениет үйі.

🔹 МАҚАТ ауданы: “Мансап” орталығы.
Доссор кенті: “Доссор” Мәдениет үйі.

🔹 ИНДЕР ауданы: “Орталық мәдениет үйі”.
Есбол а/о.: “Есбол” Мәдениет үйі.

🔹 ИСАТАЙ ауданы: “Жалын” Мәдениет үйі.
Тұщықұдық а/о.: “Н. Үлкенбайұлы” Мәдениет үйі.

🔹 ҚЫЗЫЛҚОҒА ауданы: “Арман” Мәдениет үйі.
Сағыз а/о.: “Жастар” Ресурстық орталығы.

03/10/2025

Құрметті Лаура Жақсыгелдіқызы және барша ұстаздар!

Атырау жоғары медициналық колледжінің қадірлі ұстаздарын кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Біз, Атырау облыстық инфекциялық ауруханасында еңбек етіп жүрген колледждің түлектері, Сіздердің берген терең біліміңіз бен өнегеңіздің арқасында өз ісімізге адал, жауапты маман болдық.

Ұстаз – шәкірт жүрегіне шырақ жағып, өмірлік жолына бағыт беретін ұлы тұлға. Біз әрқашан Сіздерге шәкірттік алғысымызды айтып, еңбектеріңізді құрметпен еске аламыз.

Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, кәсіби биіктер мен шәкірт қуанышын тілейміз! 🌹

🎓 Ізгі тілекпен,
Атырау облыстық инфекциялық ауруханасында еңбек етіп жүрген колледж түлектері
Денсаулық Сақтау Басқармасы Атырау
@Атырауский высший медицинский колледж
#Ұстазғаалғыс

25/09/2025

Address

С. Бейбарыс даңғылы, 412Проспект С. Бейбарыса. 412
Atyrau
060000

Telephone

+77780489407

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Atyraý oblystyq aýrýhana 2 posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to Atyraý oblystyq aýrýhana 2:

Share

Share on Facebook Share on Twitter Share on LinkedIn
Share on Pinterest Share on Reddit Share via Email
Share on WhatsApp Share on Instagram Share on Telegram

Category