01/05/2026
№3 қалалық көпбейінді аурухана - денсаулыққа көңіл бөліп, ем қабылдайтын, адам өміріне араша түсетін орын ғана емес, сонымен қатар құрмет, достық және өзара түсіністік орнаған мекеме.
Біздің ұжымда шамамен 15 түрлі ұлт өкілі еңбек етеді. Тілі, дәстүрі мен мәдениеті әртүрлі болғанымен, адамдарға жанашырлық, мейірімділік, өзгеге көмектесу, сыйластық пен татулық, бір-бірін қолдауға деген ортақ ниет олардың басын біріктіреді.
Күн сайын медицина саласында еңбек етіп, тер төгіп, халыққа қызмет көрсетіп, кәсібилік пен адамгершіліктің ұлтқа бөлінбейтінін, ал мейірімділіктің аудармасыз-ақ түсінікті, жалпыға ортақ тіл екенін дәлелдеп келеді.
Біз мекемемізде сенім, құрмет және төзімділік атмосферасының қалыптасқанын мақтан тұтамыз.
Барша қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Әр шаңыраққа жақсылық, татулық және береке-бірлік тілейміз!
#деньединстванародаказахстана #МГБ3 #больницаастана #дружбанародов #казахстан