30/04/2026
ЗАМАНАУИ ШИПАЖАЙ: МИЛЛЕНИАЛДАР «ЕМДІК ДЕМАЛЫС» ФОРМАТЫН ҚАЛАЙ ӨЗГЕРТТІ
«Шипажай» деген сөзді естігенде, көпшіліктің ойына әлі де өткеннің көрінісі келеді – қатаң тәртіп, асханадан шығатын дәмі солғын, тұзы аз тамақтың иісі, қоңырау арқылы процедураға шақыру және жеке кеңістіктің аздығы. Алайда бүгінде жағдай түбегейлі өзгерді, Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, елде 333 санаторий мен курорт жұмыс істейді, оның 34-і Алматыда орналасқан. Қазіргі таңда санаторий демалысы миллениалдар арасында қайта сұранысқа ие болып, жастар үшін толыққанды трендке айналып отыр.
Бұрын санаторийларда тамақтану диеталық үстел қағидатына негізделіп, диетолог пен дәрігер тарапынан қатаң бақылауда болатын. Бүгінде бұл тәсіл өзгерді – диетологтар қатаң шектеулерден гөрі, теңгерімді әрі жайлы тамақтану жүйесін қалыптастыруға көмектеседі. Бұрын барлық процедуралар бірдей және қатаң кестемен жүргізілсе, қазір диагностика, жеке емдеу жоспары және заманауи әдістер енгізілген. Дәстүрлі Шарко душы мен электрофорез сақталғанымен, олар кешенді жүйенің бір бөлігі ретінде қолданылады.
«Almaty Resort» шипажайының орналастыру және қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Сабина Байсұлтанованың айтуынша, келушілердің сұранысы айтарлықтай өзгерген – бүгінде қонақтар, соның ішінде жастар, санаторийға тек емделу үшін емес, сапалы демалыс, жайлылық және толыққанды қалпына келу үшін келеді. Осыған байланысты санаторийлар да жаңарып, заманауи медициналық технологияларды енгізіп, инфрақұрылымды жетілдіріп, еркін әрі жайлы атмосфера қалыптастыруда.
Қазіргі санаторийлар қатаң тәртіптен бас тартуда – қоңыраумен ояну мен міндетті тыныштық сағаты өткеннің еншісінде қалды. Әрбір қонақ өз күн тәртібін өзі реттей алады, бұл әсіресе уақытын тиімді басқаруға үйренген миллениалдар үшін маңызды. Ортақ душтар мен көп адамдық бөлмелердің орнына барлық жағдайы жасалған жайлы нөмірлер ұсынылады, бұл жеке кеңістік пен қызмет сапасын жаңа деңгейге көтерді. «Almaty Resort» шипажайының емдеу-оңалту жұмыстары жөніндегі орынбасары Нұрдәулет Өмірбековтің айтуынша, санаторий демалысы «жасарып» келеді – бүгінде жастар оны денсаулықты қалпына келтірумен қатар, алдын алу мақсатында да таңдайды.
Бүгінде санаторийлар wellness кеңістігі ретінде қабылданады – минералды ванналар, ингаляциялар, тұзды үңгірлер, массаждар және табиғат аясындағы тыныштық қалпына келуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар «бәрі қамтылған» форматы сақталған, яғни тұру, тамақтану және медициналық қызметтердің барлығы бір жерде ұсынылады. Осылайша, санаторий демалысы бұрынғы стереотиптерден арылып, денсаулық пен өмір сапасын жақсартудың заманауи құралына айналып отыр.
***
САНАТОРИЙ БЕЗ НОСТАЛЬГИИ: КАК МИЛЛЕНИАЛЫ ПЕРЕОТКРЫЛИ ФОРМАТ «ЛЕЧЕБНОГО ОТДЫХА»
Когда слышишь слово «санаторий», в голове у многих до сих пор всплывает картинка из прошлого – строгий режим, запах столовой с пресной едой, процедуры «по звонку» и минимум личного пространства. Однако реальность давно изменилась, и, по данным Бюро национальной статистики в стране работают 333 санатория и курорта, из них 34 – в Алматы. Сегодня формат санаторного отдыха активно переосмысливается миллениалами и становится полноценным трендом среди молодых людей.
Ранее питание в санаториях строилось по принципу диетического стола с обязательным контролем со стороны диетолога и врача. Сегодня акцент сместился – диетологи помогают выстроить сбалансированное питание без стресса и жестких ограничений. Вместо стандартных процедур по строгому графику внедрены диагностика, индивидуальные программы и современные методы лечения. Традиционные процедуры, такие как душ Шарко и электрофорез, сохраняются, но интегрированы в комплексный подход.
Как отмечает руководитель службы размещения и оказания услуг санатория «Almaty Resort» Сабина Байсултанова, запрос аудитории существенно изменился – сегодня гости, включая молодежь, выбирают санаторий не только ради лечения, но и ради качественного отдыха, комфорта и возможности перезагрузки. В ответ на это санатории модернизируют инфраструктуру, внедряют современные медицинские технологии и формируют атмосферу, ориентированную на комфорт и свободу.
Современные санатории отходят от строгого распорядка – подъем по звонку и обязательный тихий час остались в прошлом. Гости самостоятельно формируют свой режим, что особенно важно для миллениалов. Общие душевые и многоместные палаты заменены комфортными номерами с удобствами, обеспечивающими приватность и высокий уровень сервиса. По словам заместителя директора по лечебно-реабилитационной работе санатория «Almaty Resort» Нурдаулета Умирбекова, санаторный отдых заметно «омолодился» – все больше молодых людей выбирают его для профилактики и восстановления здоровья.
Санатории сегодня воспринимаются как пространство для восстановления в формате wellness – с минеральными ваннами, ингаляциями, соляными пещерами, массажами и природной тишиной вдали от городского шума. Дополнительным преимуществом остается формат «все включено», объединяющий проживание, питание и медицинские услуги в одном месте. Таким образом, санаторный отдых окончательно выходит за рамки стереотипов и становится актуальным инструментом поддержания здоровья и качества жизни.