26/04/2026
✨Бүгін Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының бітіруші сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша өңірлік олимпиада өтті.
🔬Іс-шара жаратылыстану ғылымдарына қызығушылық танытатын дарынды мектеп оқушыларын біріктіріп, олардың білімдері мен зияткерлік әлеуетін көрсетуге арналған маңызды алаңға айналды.
📝 Олимпиада бір кезеңде, жазбаша тестілеу форматында өткізілді. Тапсырмаларға химия пәнінің мектеп бағдарламасының негізгі бөлімдерін қамтитын сұрақтар енгізілді, бұл қатысушылардың дайындық деңгейін, логикалық ойлау қабілетін және теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білу дағдыларын объективті бағалауға мүмкіндік берді.
🎓 Қатысушыларға Семей медициналық университетіне оқуға түсу мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды.
🏆 Олимпиада қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II және III дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталды.
🌟 Іс-шара тек білім сайысы ғана емес, сонымен қатар түлектердің болашақ мамандығын таңдауда маңызды кезең болды.