Центр психического здоровья Туркестанской области

  • Home
  • Kazakhstan
  • Shymkent
  • Центр психического здоровья Туркестанской области

Центр психического здоровья Туркестанской области ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ
ШЖҚ "Облыстық психикалық денсаулық орталығы” МКК

🏦 ФинIQ – қаржылық сауаттылық деңгейін анықтайтын тест2025 жылғы 10 мен 20 қазан аралығында Қаржы мониторингі агенттігі ...
07/10/2025

🏦 ФинIQ – қаржылық сауаттылық деңгейін анықтайтын тест

2025 жылғы 10 мен 20 қазан аралығында Қаржы мониторингі агенттігі «Заң мен Тәртіп» және «Адал Азамат» тұжырымдамаларын ілгерілету мақсатында, «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы мен Halyk Bank қолдауымен республикалық қаржылық қауіпсіздік бойынша диктант өткізеді.

📝 Диктант мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру. Тест нәтижесінде әрбір азамат алаяқтық схемалардан қорғану дағдыларын меңгереді.

Диктант онлайн тест форматында өтеді. Сұрақтар күрделілігіне қарай бірнеше деңгейге бөлінген. Диктантқа кез-келген адам қатыса алады. Қатысушылар тестті бірнеше мәрте өтуге құқығы бар, сондай-ақ алдын-ала оқу материалдарымен танысу мүмкіндігі бар.

🖊 Диктантты өткен әрбір қатысушыға сертификат табысталады. Қысқа уақытта ең жоғары балл жинағандарға шараның ресми серкітесі Halyk Bank атынан арнайы сыйлықтар қарастырылған.

«ФинIQ» республикалық диктантына қосылыңыз – қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!

📞 Call-center: 1458
_______________

📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

❓Я не работаю и никогда не делал взносов на медстраховку. Предстоит дорогая операция, которую могут провести по ОСМС. Ка...
02/10/2025

❓Я не работаю и никогда не делал взносов на медстраховку. Предстоит дорогая операция, которую могут провести по ОСМС. Как мне можно получить статус застрахованного?

Отвечаем на вопрос подписчика ➡️

#ОСМСЖАМБЫЛ #ФСМСЖАМБЫЛ

❓Мен жұмыс істемеймін және медициналық сақтандыруға ешқашан жарна төлеген емеспін. Алда құны қымбат операция күтіп тұр. ...
02/10/2025

❓Мен жұмыс істемеймін және медициналық сақтандыруға ешқашан жарна төлеген емеспін. Алда құны қымбат операция күтіп тұр. Оны МӘМС бойынша жасатуға болады. Мен сақтандырылған мәртебесін қалай ала аламын?

Оқырманның сұрағына жауап береміз ➡️

#МӘМСЖАМБЫЛ #ӘМСҚЖАМБЫЛ

❓Менен жарналарды төлеуді талап етуде, бірақ мен жеңілдік санатына кіремін. Айтуларынша, мен МӘМС жүйесінде сақтандырылм...
01/10/2025

❓Менен жарналарды төлеуді талап етуде, бірақ мен жеңілдік санатына кіремін. Айтуларынша, мен МӘМС жүйесінде сақтандырылмағанмын. Мұндай жағдайда не істеу керек?

Егер пациент жеңілдік санатына кіретін болса, оның жарналарын мемлекет төлейді, сондықтан ол өзі ешқандай төлем жасамауы тиіс.

Егер пациенттің мәртебесі болмаса, оның себебін анықтау қажет. Мысалы, күндізгі бөлімде оқитын студент туралы мәліметтер Ұлттық білім беру дерекқорына енгізілмеген болуы мүмкін, сондықтан ол сақтандыру мәртебесін жоғалтқан. Немесе азамат мерзімді әскери қызметтен өткен, бірақ бұл деректер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына берілмеген болуы мүмкін.

Жағдайды нақтылау және мәртебені жаңарту үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіну қажет.

_________________________

Медициналық көмек алу кезінде қосымша сұрақтар немесе мәселе туындаған жағдайда өз клиникасындағы Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіну қажет. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі байланыс арналарының біріне өтініш қалдыра алады:
* Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
* msqory.kz ресми сайты
* Telegram-дағы
* 1414 байланыс орталығы

Сондай-ақ Damumed, Halyk, BCC.KZ, Kaspi.kz, Freedom SuperApp, Bereke bank, Home Credit Bank мобильді қосымшалары МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетілетін медициналық қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.

Қазақстанның әрбір азаматы денсаулығына ешқандай шағымы болмаса да, профилактикалық тексерулер мен скринингтерден уақтыл...
01/10/2025

Қазақстанның әрбір азаматы денсаулығына ешқандай шағымы болмаса да, профилактикалық тексерулер мен скринингтерден уақтылы өтіп отыруы тиіс.

Скринингтер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің шеңберінде тегін жүргізіледі. Айта кетейік, енді онкоскринингтер сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азаматтарға қолжетімді.

Пациент скринингтен өз емханасында өте алады. Оған келесі жолдармен жазылады:
• емханаңыздың тіркеу бөлімінде,
• call-орталық арқылы,
• емханаңыздың мобильді қосымшасы немесе порталы арқылы.

Денсаулығыңызды қорғаңыз — скринингтен өтуді ұмытпаңыз!

Оқу жылы басталғалы бері ата-аналар балаларына қандай тегін медициналық қызметтер көрсетілетінін білгісі келеді. Әлеумет...
01/10/2025

Оқу жылы басталғалы бері ата-аналар балаларына қандай тегін медициналық қызметтер көрсетілетінін білгісі келеді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бұл туралы түсініктеме дайындады.

Оқушылар МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылған, яғни олар үшін жарналарды мемлекет төлейді. Сондықтан олар кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінде де, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті аясында да барлық қажетті медициналық қызметтерді ала алады.

Оқушыларға медициналық қызметтер мектеп орналасқан аумаққа тиесілі емхана арқылы көрсетіледі. Мектептердегі медициналық пункттер оқу жылы барысында балаларды бақылап, уақтылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханаға 1983 жылы туған науқас әйел ішінің қатты кебуі, іштің барлық бөлігінде ауырсыну, ...
01/10/2025

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханаға 1983 жылы туған науқас әйел ішінің қатты кебуі, іштің барлық бөлігінде ауырсыну, сондай-ақ үлкен дәрет пен газдың тоқтауы сияқты шағымдармен түсті.

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына ауыр хәлде келген науқасқа тоқ ішектің түзілісіне байланысты жедел тоқ ішек өткізгіштігінің бітелуі диагнозы қойылған.

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдай ересектер арасында өте сирек кездеседі. Тіпті, аурухана дәрігерлерінің 40 жылдық тәжірибесінде алғаш рет осындай жағдай тіркелді.

«Науқас өте ауыр хәлде түсті. Біз уақыттың санаулы екенін түсіндік. Консилиумнан кейін шұғыл ота жасау туралы шешім қабылданды», – деді дәрігер-хирург Халық Түктібаев.

Хирургтер лапаротомия, тоқ ішек өткізгіштігінің бітелуін жою, колотомия, тоқ ішек түзілісін алып тастау, құрсақ қуысын санациялау және дренаждау отасын жасады.

«Отадағы қиындық аурудың тез өршуінде болды. Дегенмен хирургтер, анестезиологтар және бүкіл медициналық персоналдың үйлесімді жұмысының арқасында өткізгіштікті қалпына келтіріп, науқастың өмірін сақтап қалдық», – деп қосты хирург.

Ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында жүргізілді, бұл науқасқа жоғары білікті көмекті тегін алуға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта науқас әйел отадан кейінгі кезеңде мамандардың бақылауында ем қабылдауда.

Семинар-кеңестің екінші күні өте мазмұнды өтті! Жаңа тәсілдерді талқылап, үйреніп, тәжірибе алмастық.РНЦПЗ бас директоры...
12/09/2025

Семинар-кеңестің екінші күні өте мазмұнды өтті!
Жаңа тәсілдерді талқылап, үйреніп, тәжірибе алмастық.
РНЦПЗ бас директоры Ескалиева Алтынай Төкенқызының қатысуы болды. Ол маңызды бағыттармен бөлісіп, қатысушыларға шабыт берді және сертификаттар табыс етті. Күн шынымен де жемісті болды! kz
#РНЦПЗ #психикалықденсаулық #семинар #кеңес #оқыту #Алматы #даму #медицина #психиатрия

Семинар-кеңестің екінші күні өте мазмұнды өтті! Жаңа тәсілдерді талқылап, үйреніп, тәжірибе алмастық.РНЦПЗ бас директоры...
12/09/2025

Семинар-кеңестің екінші күні өте мазмұнды өтті!
Жаңа тәсілдерді талқылап, үйреніп, тәжірибе алмастық.
РНЦПЗ бас директоры Ескалиева Алтынай Төкенқызының қатысуы болды. Ол маңызды бағыттармен бөлісіп, қатысушыларға шабыт берді және сертификаттар табыс етті. Күн шынымен де жемісті болды! kz
#РНЦПЗ #психикалықденсаулық #семинар #кеңес #оқыту #Алматы #даму #медицина #психиатрия

📍 Алматы қ.🗓 11–12 қыркүйек 2025 ж.Бүгін Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығынан келген топпен бірге «Психик...
11/09/2025

📍 Алматы қ.
🗓 11–12 қыркүйек 2025 ж.

Бүгін Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығынан келген топпен бірге «Психикалық денсаулық орталықтарының ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысын жетілдіру» тақырыбындағы семинар-кеңестің алғашқы күніне қатыстық.

Өткізу орны – Республикалық ұлттық психикалық денсаулық орталығы.
Қатысушылар: орталық мамандары, өңірлік Ақпараттық-аналитикалық мониторинг орталықтарының (психиатрия және наркология) басшылары, сондай-ақ наркология бойынша амбулаторлық (диспансерлік) бағытқа жауапты мамандар.

Орталығымыздан келген мамандар талқылауларға белсенді қатысып, тәжірибе алмасып, психикалық денсаулық қызметін дамытуға бағытталған ұсыныстарды ортаға салды.kz
#Алматы #РеспубликалықҰлттықПсихикалықДенсаулықОрталығы #Түркістан #ПсихикалықДенсаулық #Семинар

Мемлекет басшысыныңҚазақстан халқына жолдауында айтылған тапсырмалары мен бастамалары
09/09/2025

Мемлекет басшысының
Қазақстан халқына жолдауында айтылған тапсырмалары мен бастамалары

09/09/2025

Address

А-2 автодорога, 3
Shymkent
160001

Telephone

+77710609674

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Центр психического здоровья Туркестанской области posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to Центр психического здоровья Туркестанской области:

Share

Share on Facebook Share on Twitter Share on LinkedIn
Share on Pinterest Share on Reddit Share via Email
Share on WhatsApp Share on Instagram Share on Telegram

Category