Guvistar

Guvistar Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Guvistar, Psychologist, Shymkent.

Әйелдің энергиясы ең алдымен — өз тәнінде.Өз денесін жақсы көрмеген,мүсінімен келіспеген,мінезін қабылдамаған әйелэнерги...
03/12/2025

Әйелдің энергиясы ең алдымен — өз тәнінде.
Өз денесін жақсы көрмеген,
мүсінімен келіспеген,
мінезін қабылдамаған әйел
энергиясын сыртқа толық шығара алмайды.

Себебі әйел күші —
өзін сезінуден,
өзін жақын көруден,
және өз табиғатын құшақтаудан басталады.

Әйел өз тәніне үйлескенде:
жүрісі өзгереді,
дауысында сенімділік пайда болады,
көзінде жарық жанады.
Сонда ғана оның энергиясы
жұмысында да, қарым-қатынаста да, өмірінде де
өзін толық көрсетеді.

Әйелдің күші — өзіне оралудан басталады.

Ең бірінші сені ішкі бостандыққа жеткізу ол сенің шынайы бола алуың…..ӘУЕЛІ ӨЗІҢМЕН…СОСЫН ЖҰБАЙЫҢМЕН…осы екеуін ұстансаң...
20/10/2025

Ең бірінші сені ішкі бостандыққа жеткізу ол сенің шынайы бола алуың…..
ӘУЕЛІ ӨЗІҢМЕН…
СОСЫН ЖҰБАЙЫҢМЕН…
осы екеуін ұстансаң саған ӘЛЕМНІҢ есіктері ашылады..

ҰЛДАРЫМА АРНАЛҒАН ЖҮРЕК СӨЗ Балам, өмір алдыңда — үлкен кітап. Әр беті — сенің таңдауың, сенің ісің.Мен саған бәрін үйре...
07/10/2025

ҰЛДАРЫМА АРНАЛҒАН ЖҮРЕК СӨЗ

Балам, өмір алдыңда — үлкен кітап. Әр беті — сенің таңдауың, сенің ісің.
Мен саған бәрін үйрете алмаймын, бірақ бір нәрсені біл:
нағыз күш – өзіңді тани білу мен жүрегіңді таза ұстауда.

Ер бала болу — тек батырлық емес, жауапкершілік.
Анаға құрмет, әкеге сый, әлсізге мейірім көрсеткенің —
нағыз ерлік осы.

Сенің әр қадамың — менің үмітім.
Сенің әр табысың — менің қуанышым.
Сенің әр құлауың — менің сабырым.

Өмірде адассаң — Аллаға сүйен.
Жаның шаршаса — намазға кел.
Жүрегің ауырса — жақсы сөз айт.

Балам, сен менің жалғасымсың.
Бірақ сен — өз жолыңның иесісің.
Өз жолыңды батыл, иманды, мейірімді жүрекпен жүр.

❤️ Анаңнан саған — ең шын тілек, ең таза махаббат.

 🩷
30/09/2025

🩷

Сен де Алланың үлкен бір жобасысың. Алла Күнді, Жерді, Айды жаратты. Керек етіп тау-тас, мұхит-теңізді де жаратты. Сосын...
30/09/2025

Сен де Алланың үлкен бір жобасысың. Алла Күнді, Жерді, Айды жаратты. Керек етіп тау-тас, мұхит-теңізді де жаратты. Сосын сені де жаратты. Сен де керексің.

Басқаның өмірі қызықсыз бола бастағанда, нағыз өмір басталады...😉
28/09/2025

Басқаның өмірі қызықсыз бола бастағанда, нағыз өмір басталады...😉

Кейде әйел өзін іштей әлсіз сезінеді…Күш жоқ, мотивация жоқ, тек шаршаған жүрек пен үмітсіздік.Осындай сәтте “Мен өмірім...
26/09/2025

Кейде әйел өзін іштей әлсіз сезінеді…
Күш жоқ, мотивация жоқ, тек шаршаған жүрек пен үмітсіздік.
Осындай сәтте “Мен өмірімді қайдан бастаймын?” деген сұрақ туындайды.

🌷 Алдымен – тыныштықтан бастаңыз.
Өзіңізді ешкіммен салыстырмаңыз.
Басқалардың өмірін емес, өз жүрегіңізді тыңдаңыз.

🌷 Кішкентай қадамдардан бастаңыз.
Таңертең жылы шай ішу, таза ауада серуендеу, сүйікті әнді тыңдау…
Бұл қарапайым көрінгенмен, жанға күш береді.

🌷 Өзіңізге мейірім танытыңыз.
Әлсіздікті – ұят емес, адамның табиғи күйі деп қабылдаңыз.
Әлсіздікті сезіну – жаңа күштің бастамасы.

Әйелдің өмірі бір күнде өзгермейді.
Бірақ сіз бүгін кішкентай қадам жасасаңыз – ертең ол үлкен өзгеріске айналады.

Сіз әлсіз емессіз. Сіз тек қайта туғанға дайындалып жатқансыз. 🌸

🔸 Әйелдер барша жүкті өзі арқалап алғанын байқамай қалады…Күнделікті күйбең тірлікте әйел бәрін өзі істей береді:үйдің ш...
25/09/2025

🔸 Әйелдер барша жүкті өзі арқалап алғанын байқамай қалады…

Күнделікті күйбең тірлікте әйел бәрін өзі істей береді:
үйдің шаруасы, балалардың сабағы, тамақ, туыстардың жағдайы…
Осының бәрін “мен істемесем, кім істейді?” деп арқалап алады.

Ал шындығында – әйелдің міндеті барлығын жалғыз көтеру емес.
Әйел – нәзік, әйел – энергия көзі.
Ал энергия үнемі таусыла береді, егер оны бөліспесе, көмек сұрамаса.

✨ Күшің таусылғанда “мен әлсізбін” емес, “мен де демалуға лайықпын” деп ойла.
✨ Әр істі міндет емес, таңдау арқылы жаса.
✨ Жүктің бәрін емес, жүрегіңе жақынын ғана ал.

Өзіңді бағалаған сәттен бастап – әлем де сені бағалай бастайды. 🌿

Адалдық – ол сенім.Әйел өз сүйіктісіне сенеді.Ол өзіне сенуден қалған сәтте де,оның жанында тұрып,құдіретін еске салады....
22/08/2025

Адалдық – ол сенім.
Әйел өз сүйіктісіне сенеді.
Ол өзіне сенуден қалған сәтте де,
оның жанында тұрып,
құдіретін еске салады.

Әйелдің жүректегі сенімі –
ерді қайта түлетеді,
жаңадан тудырып,
мүлде басқа деңгейге көтереді.

Ал қызғаныш ше?
Қызғаныш – опасыздықтың емес,
ойдың кірлеуінен басталады.
Ол – сенімсіз ойлардан,
құрметтің аздығынан,
жанды жаралаған сөздерден туады…

Address

Shymkent
160000

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Guvistar posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share

Share on Facebook Share on Twitter Share on LinkedIn
Share on Pinterest Share on Reddit Share via Email
Share on WhatsApp Share on Instagram Share on Telegram

Category