merke_crb

merke_crb Медицина/Здравохранение

15/03/2026

🌿 15 наурыз – Қайырымдылық күні
Қайырымдылық – жүректің жылуы мен мейірімнің белгісі. Бұл күн – айналамыздағы адамдарға қолдау көрсетіп, жақсылық жасауға үндейтін ерекше күн.
Осы күнге орай Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының Бас дәрігері Казангапова Гулнур Калдибековнаның бастамасымен ауданда аз қамтылған отбасыларға жалғыз басты қарт кісілерге қайырымдылық жасап, қажетті азық-түліктермен қамтамасыз етілді. Аталған игі істі аурухананың бөлім меңгерушілері жалғастырып аз қамтылған отбасыларға куаныш сыйлады.
Біреуге көмектесу үшін үлкен мүмкіндік күтудің қажеті жоқ. Жылы сөз айту, қол ұшын созу, мұқтаж жанға қолдау көрсету – бәрі де қайырымдылықтың көрінісі.
Бүгін жақсылық жасап, мейірімділікті бірге таратайық. Себебі кішкентай жақсылықтың өзі үлкен үміт сыйлайды.

🤝 Жақсылық жасаудан шаршамайық! .media .info

Құрметті Көктеубаев Улан Жолдасбекұлы!Меркі аудандық ауруханасының әкімшілігі Сізді денсаулық сақтау саласындағы жоғары ...
14/03/2026

Құрметті Көктеубаев Улан Жолдасбекұлы!

Меркі аудандық ауруханасының әкімшілігі Сізді денсаулық сақтау саласындағы жоғары жетістігіңізбен және «Денсаулық сақтау саласының үздік маманы» республикалық байқауынан ұтып, төс белгі алуыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Сіз көп жылдан бері хирургия саласында табанды еңбек етіп, кәсіби шеберлігіңізбен, жауапкершілігіңізбен және адам өмірін сақтап қалудағы адал қызметіңізбен әріптестеріңіз бен халықтың зор құрметіне ие болып келесіз. Ұзақ жылдар бойы хирург дәрігер ретінде жинақтаған мол тәжірибеңіз бен біліміңіз көптеген науқастардың өмірін сақтап қалуға және денсаулығын қалпына келтіруге үлкен үлес қосты.

Бүгінгі таңда Сіз хирургия бөлімшесінің меңгерушісі ретінде ұжымға үлгі болып, жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, медицинаның дамуына елеулі үлес қосып келесіз. Сіздің кәсіби біліктілігіңіз, адамгершілігіңіз және еңбексүйгіштігіңіз – Меркі ауданының тұрғындары үшін үлкен игілік.

Сіздің адал еңбегіңіз бен медицина саласына қосқан зор үлесіңіз мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, лайықты марапатқа ие болуы – біз үшін үлкен мақтаныш.

Меркі ауданының тұрғындарының денсаулығы үшін аянбай қызмет етіп, халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп келе жатқан Сізге зор алғысымызды білдіреміз.

Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге табыс, алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!
Еліміздің игілігі жолындағы абыройлы қызметіңіз жалғаса берсін!

Құрметпен,
Меркі аудандық ауруханасының әкімшілігі

03/03/2026
27/02/2026

Меркі ауданындағы денсаулық сақтау нысандарының жұмысын зерделеу және медициналық қызмет сапасын арттыру жөніндегі жұмыс сапарым өтті!

Сапар барысында аудан аумағындағы денсаулық сақтау нысандары араланып, олардың қызметінің ұйымдастырылуы, материалдық-техникалық жабдықталуы және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы зерделенді.
Меркі аудандық орталық ауруханасы жанынан жаңадан салынған қабылдау бөлімінің жұмысы қаралды. Қазіргі уақытта магниттік-резонанстық томография (МРТ) аппаратын орнату, сондай-ақ, тиісті лицензиялау және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу рәсімдері жүргізілуде.
Сонымен қатар Интернациональный және Қостаған ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялардың қызметі зерделеніп, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мен материалдық-техникалық базасының жай-күйіне талдау жасалды. Бұдан бөлек, Андас батыр ауылдық емханасы мен Аспара ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның жұмыс жағдайы қаралды.
Жүргізілген талдау нәтижесінде медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған бірқатар өзекті мәселелер анықталып, басшыларына тиісті нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда:
🔹 учаскелік бөлініс бойынша вакцинация жоспарын қайта қарау;
🔹 халықты скринингтік бағдарламалармен қамту көрсеткіштеріне, жоспарлы индикаторлардың орындалуына және скринингтік зерттеулердің сапасына бақылауды күшейту;
🔹 алғаш анықталған аурулары бар пациенттерді уақтылы және толыққанды диспансерлік бақылаумен қамтамасыз ету;
🔹 тәлімгерлік жүйесі шеңберінде жас жалпы практика дәрігерлеріне тәжірибелі мамандар бекіту;
🔹 жалпы практика дәрігерлерін жүйелі түрде оқытуды ұйымдастырып, кейіннен аттестациялау және кәсіби даярлық деңгейін бағалауды қамтамасыз ету.
Ауданда кадр тапшылығы мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Осыған байланысты жас мамандарды тарту және оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету шараларын аудан әкімдігімен бірлесіп жүйелі түрде ұйымдастыру қажеттігі көрсетілді.
Халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында нақты міндеттер айқындалды.
Көтерілген барлық мәселелер бақылауға алынып, тиісті шаралар қабылданатын болады.

Бүгін Конституциялық реформаны ілгерілету мақсатында құрылған ҮІ топтың мүшелері «Merke Radon »шипажай  қызметкерлерімен...
26/02/2026

Бүгін Конституциялық реформаны ілгерілету мақсатында құрылған ҮІ топтың мүшелері «Merke Radon »шипажай қызметкерлерімен және мекемеге келген тұрғындармен Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңы жобасына қатысты ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

Кездесу барысында топ мүшесі Байтасов Нұрланбек Әбдіманапұлы және Нуридин Жансая Болатбекқызы Конституция жобасында көзделген негізгі жаңашылдықтар мен өзгерістерге тоқталып, олардың медицина саласының дамуына және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға тигізер оң әсерін атап өтті.

Сонымен қатар, ұсынылып отырған өзгерістердің тек құқықтық жүйені жаңғыртуға ғана емес, мемлекеттік қызметтің тиімділігін күшейтуге, азаматтарға көрсетілетін қызметтің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға бағытталғанын айтты.

Жиын барысында қатысушылар да жаңа Ата Заң жобасы жөнінде өз пікірлерін білдіріп, бұл бастаманың ел дамуының жаңа кезеңінде қабылданып отырған тарихи әрі стратегиялық маңызы зор шешім екенін жеткізді.

Address

Taraz
080500

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00
Saturday 09:00 - 13:00

Telephone

+77263245273

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when merke_crb posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to merke_crb:

Share

Share on Facebook Share on Twitter Share on LinkedIn
Share on Pinterest Share on Reddit Share via Email
Share on WhatsApp Share on Instagram Share on Telegram