24/04/2026
№22 орта мектепте АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша іс-шара өткізілді
🔰 Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының эпидемиолог дәрігері С. Дулатбаева №22 орта мектеп ұжымына арналған ақпараттық алдын алу іс-шара өткізді.
🔹 Іс-шара аясында қатысушыларға АИТВ/ЖИТС бойынша әлемдегі, Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық ахуал жөнінде кең көлемде ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, инфекцияның жұғу жолдары, алдын алу шаралары және оның адам денсаулығына тигізетін әсері жан-жақты түсіндірілді.
🔹 Бұдан бөлек, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ), сондай-ақ В және С вирусты гепатиттерінің алдын алу жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.
🔹Іс-шара шеңберінде ЖИТС орталығының мамандары мектептің медициналық кабинетінде ИФТ әдісі арқылы тегін скринингтік тексеру жұмыстарын ұйымдастырды. Скрининг ерікті түрде, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, толық құпиялылық сақтала отырып жүргізілді.
✅Қызметкерлерді жұмыстан қол үздірмей ұйымдастырылған бұл шара ұжымның басым бөлігін қамтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, күнделікті қа�