Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Tselinograd
  • Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы Официальная страница Национального центра экспертизы лекарственных средств и медицинских изделий

Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Национальный центр экспертизы лекарственных средств и медицинских изделий» Комитета медицинского и фармацевтического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🔷ЖУРНАЛ «ФАРМАЦИЯ КАЗАХСТАНА» СНОВА В СПИСКЕ РЕКОМЕНДОВАННЫХ НАУЧНЫХ ИЗДАНИЙ 🔹Научно-практический журнал «Фармация Казах...
27/04/2026

🔷ЖУРНАЛ «ФАРМАЦИЯ КАЗАХСТАНА» СНОВА В СПИСКЕ РЕКОМЕНДОВАННЫХ НАУЧНЫХ ИЗДАНИЙ

🔹Научно-практический журнал «Фармация Казахстана» в соответствии с приказом Комитета по обеспечению качества в сфере науки и высшего образования Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан № 282 от 18 апреля 2026 года вновь включён в перечень рекомендованных научных изданий.
Журнал «Фармация Казахстана» является одним из известных профильных научных журналов страны в области фармации, фармакологии, клинической медицины, биомедицины и здравоохранения. Издание выпускается с 2003 года. Учредителем и издателем журнала является Национальный центр экспертизы лекарственных средств и медицинских изделий.

🔹Повторное включение в официальный перечень подтверждает высокий профессиональный уровень журнала, качество редакционной политики, соответствие современным требованиям к научным публикациям и значимый вклад в развитие отечественной науки.

📎За годы работы журнал зарекомендовал себя как авторитетная экспертная площадка для публикации исследований отечественных и зарубежных авторов. Существенный вклад в становление и развитие издания внесла академик Раиса Кузденбаева, благодаря которой были заложены прочные научные и организационные основы дальнейшего роста журнала.

🔷Сегодня «Фармация Казахстана» объединяет учёных, практикующих специалистов, преподавателей и молодых исследователей. Журнал публикует материалы на казахском, русском и английском языках, развивает международное сотрудничество и обеспечивает открытый доступ к научным публикациям.
Возвращение журнала в перечень КОКСОН МНВО РК открывает дополнительные возможности для авторов и исследовательских коллективов, а также подтверждает высокий статус издания в научном сообществе Казахстана.

🔷«ҚАЗАҚСТАН ФАРМАЦИЯСЫ» ЖУРНАЛЫ ҚАЙТА ДАНЫҚТЫ ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАР ТІЗІМІНЕ ЕНДІ🔹«Қазақстан фармациясы» ғылыми-тәжірибелік ...
27/04/2026

🔷«ҚАЗАҚСТАН ФАРМАЦИЯСЫ» ЖУРНАЛЫ ҚАЙТА ДАНЫҚТЫ ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАР ТІЗІМІНЕ ЕНДІ

🔹«Қазақстан фармациясы» ғылыми-тәжірибелік журналы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2026 жылғы 18 сәуірдегі № 282 бұйрығына сәйкес ұсынылған ғылыми басылымдар тізіміне қайта енгізілді.

🔹«Қазақстан фармациясы» журналы – фармация, фармакология, клиникалық медицина, биомедицина және денсаулық сақтау салаларындағы еліміздегі беделді профильдік ғылыми журналдардың бірі. Басылым 2003 жылдан бері жарық көреді. Журналдың құрылтайшысы және баспагері – Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы.

📌Журналдың ресми тізімге қайта енгізілуі оның жоғары кәсіби деңгейін, редакциялық саясат сапасын, ғылыми жарияланымдарға қойылатын заманауи талаптарға сәйкестігін және отандық ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлесін айғақтайды.

❇️Жылдар бойы журнал отандық және шетелдік авторлардың ғылыми еңбектерін жариялайтын беделді сараптамалық алаң ретінде қалыптасты. Басылымның қалыптасуы мен дамуына академик Раиса Күзденбаева елеулі үлес қосып, журналдың берік ғылыми және ұйымдастырушылық негізінің қалануына ықпал етті.

📎Бүгінде «Қазақстан фармациясы» ғалымдарды, тәжірибелік мамандарды, оқытушыларды және жас зерттеушілерді біріктіреді. Журнал қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде материалдар жариялап, халықаралық ынтымақтастықты дамытып, ғылыми жарияланымдарға ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

❇️Журналдың ҚР ҒЖБМ СҚКК (КОКСОН) тізіміне қайта енуі авторлар мен зерттеу ұжымдары үшін қосымша мүмкіндіктер ашып, сондай-ақ ғылыми қауымдастықтағы жоғары мәртебесін тағы бір мәрте растайды.

🔷На площадке РГУ «Служба центральных коммуникаций» при Президенте Республики Казахстан состоялся брифинг на тему «О вопр...
27/04/2026

🔷На площадке РГУ «Служба центральных коммуникаций» при Президенте Республики Казахстан состоялся брифинг на тему «О вопросах иммунопрофилактики» с участием представителей Министерства здравоохранения РК, международных организаций и экспертного сообщества. В мероприятии приняла участие руководитель Департамента фармаконадзора и мониторинга безопасности и эффективности медицинских изделий РГП на ПХВ «Национальный центр экспертизы лекарственных средств и медицинских изделий» (НЦЭЛС) Гульрайхан Миянова.
🔹В ходе брифинга были рассмотрены ключевые вопросы иммунопрофилактики, включая эпидемиологическую ситуацию, значимость плановой вакцинации и повышение доверия населения к прививкам.
📌Отмечено, что НЦЭЛС выполняет функции государственной регистрации вакцин, а также осуществляет мониторинг их безопасности, эффективности и качества в рамках системы фармаконадзора.
🔹Спикеры подчеркнули, что все применяемые в стране вакцины проходят обязательную экспертизу и соответствуют международным стандартам. Отдельное внимание было уделено проблеме отказов от вакцинации. Эксперты отметили, что снижение охвата прививками может привести к росту инфекционных заболеваний, и призвали население ответственно относиться к вопросам защиты здоровья.
📎Также обсуждались меры по повышению информированности граждан и противодействию распространению недостоверной информации о вакцинации.

🔷Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Иммунопрофилактика мәселелері тур...
27/04/2026

🔷Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Иммунопрофилактика мәселелері туралы» тақырыбында брифинг өтті. Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, халықаралық ұйымдардың және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.
🔹Аталған кездесуге Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы (ДЗ мен МБ СҰО) Фармакологиялық қадағалау және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен тиімділігін мониторингілеу департаментінің басшысы Гүлрайхан Миянова қатысты.
❇️Брифинг барысында иммунопрофилактика саласындағы өзекті мәселелер, соның ішінде эпидемиологиялық жағдай, жоспарлы вакцинацияның маңыздылығы және халықтың екпелерге деген сенімін арттыру мәселелері қарастырылды.
📌ДЗ мен МБ СҰО вакциналарды мемлекеттік тіркеу функцияларын жүзеге асырып, фармакологиялық қадағалау жүйесі аясында олардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын тұрақты түрде мониторингтейді.
🔹Спикерлер елімізде қолданылатын барлық вакциналар міндетті сараптамадан өтетінін және халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін атап өтті. Сонымен қатар вакцинациядан бас тарту мәселесіне ерекше назар аударылды. Сарапшылардың айтуынша, екпемен қамтудың төмендеуі жұқпалы аурулардың өсуіне әкелуі мүмкін, сондықтан халықты денсаулықты қорғау мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
❇️Сондай-ақ азаматтардың ақпараттану деңгейін арттыру және вакцинация туралы жалған ақпараттың таралуына қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды.

🔷Казахстан получил международное признание, подтвердив 3-й уровень зрелости (Maturity Level 3, ML3) в сфере регулировани...
24/04/2026

🔷Казахстан получил международное признание, подтвердив 3-й уровень зрелости (Maturity Level 3, ML3) в сфере регулирования лекарственных средств по итогам оценки Всемирной организацией здравоохранения в рамках Глобального инструмента бенчмаркинга (Global Benchmarking Tool, GBT). Данное событие стало одним из ключевых в системе здравоохранения и получило широкий резонанс в международных и национальных средствах массовой информации.
🔹23 апреля в ходе встречи Касым-Жомарт Токаев с Генеральным директором ВОЗ Тедрос Адханом Гебрейесус было отмечено значение достигнутого результата. Глава государства подчеркнул важность укрепления системы здравоохранения, а руководитель ВОЗ высоко оценил проводимые в Казахстане реформы. В своих публичных заявлениях и социальных сетях Тедрос Адханом Гебрейесус отдельно отметил прогресс Казахстана и его лидерство в регионе.
📌Казахстан стал первой страной в Центральной Азии и среди государств СНГ, достигшей данного уровня, что закрепляет за ним статус регионального лидера в сфере регулирования обращения лекарственных средств.
По данным ВОЗ, лишь 62 страны мира (32%) достигли 3-го и 4-го уровней зрелости регуляторных систем, тогда как 97 стран (50%) находятся на базовом уровне (ML1), и 35 стран (18%) - на уровне ML2. Таким образом, Казахстан вошёл в ограниченный круг государств с признанной эффективной системой регулирования.
❇️Присвоение ML3 означает, что национальная система функционирует стабильно, прозрачно и соответствует международным стандартам, обеспечивая полный цикл контроля - от регистрации лекарственных средств до мониторинга их безопасности. Данный статус также распространяется на регулирование импортируемых вакцин и подтверждает способность государства гарантировать качество, безопасность и эффективность медицинской продукции.
❇️Оценка ВОЗ охватила ключевые направления, включая регистрацию лекарственных средств, фармаконадзор, лицензирование, инспекционный контроль, рыночный надзор и надзор за клиническими исследованиями. По итогам подтверждена научно обоснованная и устойчивая работа национальной регуляторной системы.
🔷Отдельным значимым достижением стала оценка лабораторного направления. По ряду показателей Лаборатория Национального центра экспертизы лекарственных средств и медицинских изделий достигли 4-го уровня зрелости (ML4), тем самым обеспечивая высокую точность и воспроизводимость результатов и соответствуя самым строгим международным требованиям.
Достижение этих показателей стало результатом системной и последовательной работы Комитета медицинского и фармацевтического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан и Национального центра экспертизы лекарственных средств и медицинских изделий. В последние годы была проведена масштабная модернизация системы, внедрены международные подходы, усилены механизмы фармаконадзора и контроля качества, а также реализованы цифровые решения, направленные на повышение прозрачности и эффективности регулирования.
🔹Для граждан это означает усиление защиты: лекарственные средства проходят многоуровневую проверку качества и безопасности, что напрямую влияет на безопасность пациентов и качество медицинской помощи.
❇️Для экономики страны это подтверждает рост доверия со стороны международных партнёров, повышает инвестиционную привлекательность фармацевтической отрасли, ускоряет доступ к инновационным препаратам, расширяет экспортный потенциал и укрепляет позиции Казахстана как центра фармацевтических компетенций.
📌Таким образом, достижение третьего уровня зрелости ВОЗ подтверждает формирование в Казахстане современной, устойчивой и признанной на международном уровне системы регулирования обращения лекарственных средств, задающей ориентир для стран региона.

🔷Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДCҰ) Глобалдық бенчмаркинг құралы (Global Benchmarking Tool, GBT) ше...
24/04/2026

🔷Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДCҰ) Глобалдық бенчмаркинг құралы (Global Benchmarking Tool, GBT) шеңберіндегі бағалау қорытындысы бойынша дәрілік заттарды реттеу саласында жетілудің 3-деңгейін (Maturity Level 3, ML3) растау арқылы халықаралық мойындауға ие болды. Бұл оқиға денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызды жетістіктердің бірі болып, халықаралық және ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланды.
🔹23 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ДДCҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус арасындағы кездесуде аталған нәтижеге ерекше мән берілді. Мемлекет басшысы денсаулық сақтау жүйесін нығайтудың маңыздылығын атап өтті, ал ДДCҰ басшысы Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға берді. Сонымен қатар, Тедрос Адханом Гебрейесус өз жария мәлімдемелері мен әлеуметтік желілерінде Қазақстанның ілгерілеуі мен өңірдегі көшбасшылығын ерекше атап өтті.
📌Қазақстан Орталық Азияда және ТМД елдері арасында осы деңгейге қол жеткізген алғашқы мемлекет болып, дәрілік заттар айналымын реттеу саласындағы өңірлік көшбасшы мәртебесін нығайтты.
❇️ДДCҰ деректеріне сәйкес, әлемнің небәрі 62 мемлекеті (32%) реттеуші жүйелердің 3 және 4 деңгейіне жеткен, ал 97 мемлекет (50%) бастапқы деңгейде (ML1), 35 мемлекет (18%) ML2 деңгейінде. Осылайша, Қазақстан тиімді реттеу жүйесі халықаралық деңгейде мойындалған мемлекеттердің шектеулі тобына енді.
📌ML3 деңгейінің берілуі ұлттық жүйенің тұрақты, ашық жұмыс істейтінін және халықаралық стандарттарға сай екенін білдіреді. Бұл дәрілік заттарды тіркеуден бастап олардың қауіпсіздігін мониторингтеуге дейінгі толық бақылау жүйесінің тиімділігін көрсетеді. Аталған мәртебе импортталатын вакциналарды реттеуді де қамтиды және медициналық өнімдердің сапасы, қауіпсіздігі мен тиімділігіне кепілдік беруге мемлекеттің қабілетті екенін растайды.
🔷ДДCҰ бағалауы дәрілік заттарды тіркеу, фармакологиялық қадағалау, лицензиялау, инспекциялық бақылау, нарықты қадағалау және клиникалық зерттеулерді бақылау сияқты негізгі бағыттарды қамтыды. Қорытындысында ұлттық реттеуші жүйенің ғылыми негізделген әрі тұрақты жұмыс істейтіні расталды.
🔹Зертханалық бағыттағы бағалау да маңызды нәтижелер көрсетті. Бірқатар көрсеткіштер бойынша Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының зертханасы жетілудің 4-деңгейіне (ML4) сәйкес келіп, нәтижелердің жоғары дәлдігі мен қайталанымдылығын қамтамасыз етіп, ең қатаң халықаралық талаптарға сай екенін дәлелдеді.
❇️Бұл жетістіктер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мен Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының жүйелі және кезең-кезеңімен жүргізілген жұмысының нәтижесі болып табылады. ❇️Соңғы жылдары жүйе ауқымды жаңғыртудан өтіп, халықаралық тәсілдер енгізілді, фармакологиялық қадағалау мен сапаны бақылау тетіктері күшейтілді, сондай-ақ реттеудің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған цифрлық шешімдер іске асырылды.
🔹Азаматтар үшін бұл қорғаудың күшеюін білдіреді: дәрілік заттар сапасы мен қауіпсіздігі бойынша көпдеңгейлі тексерістен өтеді, бұл пациенттердің қауіпсіздігі мен медициналық көмектің сапасына тікелей әсер етеді.
📌Ел экономикасы үшін бұл халықаралық серіктестердің сенімінің артқанын көрсетеді, фармацевтикалық саланың инвестициялық тартымдылығын күшейтеді, инновациялық препараттарға қолжетімділікті жеделдетеді, экспорттық әлеуетті кеңейтеді және Қазақстанның фармацевтикалық құзыреттер орталығы ретіндегі позициясын нығайтады.
🔹Осылайша, ДДCҰ-ның үшінші деңгейін алу Қазақстанда дәрілік заттар айналымын реттеудің заманауи, тұрақты және халықаралық деңгейде мойындалған жүйесінің қалыптасқанын растайды және өңір елдері үшін үлгі болып табылады.

Президент Касым-Жомарт Токаев провел встречу с Генеральным директором ВОЗ Тедросом Адханомом Гебрейесусом✔️В ходе беседы...
23/04/2026

Президент Касым-Жомарт Токаев провел встречу с Генеральным директором ВОЗ Тедросом Адханомом Гебрейесусом

✔️В ходе беседы были обсуждены текущее состояние и перспективы сотрудничества Казахстана со Всемирной организацией здравоохранения.

✔️Глава государства сообщил, что взаимодействие с Организацией вышло на качественно новый этап, а также выразил признательность ВОЗ за неизменную поддержку глобальных инициатив нашей страны.

✔️Участники встречи рассмотрели вопросы проведения совместных исследований в области климата и здоровья, продвижения инициатив по цифровой трансформации и внедрения искусственного интеллекта в системе здравоохранения.

✔️Тедрос Адханом Гебрейесус поблагодарил Касым-Жомарта Токаева за приглашение принять участие в Региональном экологическом саммите.

✔️Руководитель ВОЗ отметил экономический прогресс Казахстана и успешные политические преобразования, проводимые благодаря принятию Новой Конституции.

✔️По его словам, ВОЗ приветствует усилия Астаны, направленные на обеспечение экологической и водной безопасности на региональном и международном уровнях.

✔️В завершение Генеральный директор передал Президенту письмо, подтверждающее, что нашей стране присвоен 3-й уровень зрелости ВОЗ в сфере регулирования оборота лекарственных средств, что означает признание надежности национальной системы контроля.

✔️Казахстан стал первой страной в СНГ и четвертой в Европейском регионе ВОЗ, достигшей подобного уровня.

t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті...
23/04/2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті

✔️Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі және перспективасы талқыланды.

✔️Мемлекет басшысы Ұйыммен ықпалдастықтың жаңа әрі сапалы деңгейге көтерілгеніне тоқталып, сондай-ақ еліміздің жаһандық бастамаларына ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін ризашылығын білдірді.

✔️Кездесуде климат пен денсаулық сақтау бағытында бірлескен зерттеулер жүргізу, цифрлық трансформацияға арналған бастамаларды ілгерілету және денсаулық сақтау саласына жасанды интеллектіні енгізу мәселелері қарастырылды.

✔️Тедрос Адханом Гебрейесус Қасым-Жомарт Тоқаевқа Өңірлік экологиялық саммитке қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты.

✔️ДДҰ басшысы Қазақстанда жаңа Конституция қабылдау арқылы саяси реформалар мен экономикалық өрлеудің табысты іске асырылып жатқанын атап өтті.

✔️Оның айтуынша, Ұйым Қазақстанның өңірлік және жаһандық деңгейде экология мен су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерін қолдайды.

✔️Кездесу соңында Бас директор Мемлекет басшысына Ұйымның елімізге дәрілік заттардың айналымын реттеу саласын жетілдіру бойынша 3-ші деңгей берілгенін растайтын хатты табыстады. Бұл ұлттық бақылау жүйесінің сенімділігін көрсетеді.

✔️Қазақстан мұндай дәрежеге ТМД елдері арасында бірінші, ал Еуропа аймағында төртінші болып қол жеткізген.

t.me/aqorda_resmi

🔷 🔷 Научно-образовательный центр Национального центра экспертизы лекарственных средств и медицинских изделий 22 мая 2026...
22/04/2026

🔷 🔷 Научно-образовательный центр Национального центра экспертизы лекарственных средств и медицинских изделий 22 мая 2026 г. (10:00-13:00) приглашает на обучающий семинар эксперта I категории Управления фармацевтической экспертизы Департамента экспертизы лекарственных средств Айданы Турдыевой на тему: «Трансфер технологии и валидация аналитических методик».

📌По окончании семинара выдается Свидетельство о прохождении неформального образования.

📎Контакты для получения подробной информации по обучению:
Дамира Алтыбай – тел.: +7 (708) 842-09-47, d.altybay@dari.kz

🔷Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының Ғылыми-білім беру орталығы 2026 жылғы 22 мамырда ...
22/04/2026

🔷Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының Ғылыми-білім беру орталығы 2026 жылғы 22 мамырда (10:00-13:00) Дәрілік заттарды сараптау департаменті фармацевтикалық сараптама басқармасының I санатты сарапшысы Айдана Турдыеваның «Технология трансфері және аналитикалық әдістемелерді валидациялау» тақырыбындағы оқыту семинарына қатысуға шақырады.

📌Семинар аяқталғаннан кейін Бейресми білім алу туралы куәлік беріледі.

📎Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін байланыс нөмірі:
Дамира Алтыбай – тел.: +7 (708) 842-09-47, d.altybay@dari.kz

🔷Научно-образовательный центр Национального центра экспертизы лекарственных средств и медицинских изделий 21 мая 2026 г....
22/04/2026

🔷Научно-образовательный центр Национального центра экспертизы лекарственных средств и медицинских изделий 21 мая 2026 г. (10:00-13:00) приглашает на обучающий семинар эксперта I категории Управления фармацевтической экспертизы Департамента экспертизы лекарственных средств Гулим Берекетовой на тему: «Требования к документам регистрационного досье модуля 3 по правилам ЕАЭС».

📌По окончании семинара выдается Свидетельство о прохождении неформального образования.

📎Контакты для получения подробной информации по обучению:
Дамира Алтыбай – тел.: +7 (708) 842-09-47, d.altybay@dari.kz

🔷Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының Ғылыми-білім беру орталығы 2026 жылғы 21 мамырда ...
22/04/2026

🔷Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының Ғылыми-білім беру орталығы 2026 жылғы 21 мамырда (10:00-13:00) Дәрілік заттарды сараптау департаменті фармацевтикалық сараптама басқармасының I санатты сарапшысы Гүлім Берекетқызының «ЕАЭО қағидаларына сәйкес 3-модульдің тіркеу дерекнамасы құжаттарына қойылатын талаптар» тақырыбындағы оқыту семинарына қатысуға шақырады.

📌Семинар аяқталғаннан кейін Бейресми білім алу туралы куәлік беріледі.

📎Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін байланыс нөмірі:
Дамира Алтыбай – тел.: +7 (708) 842-09-47, d.altybay@dari.kz

Address

Улица Иманова, 13
Tselinograd
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Telephone

+77172235135

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы:

Share

Our Story

Национальный Центр экспертизы лекарственных средств и медицинских изделий Комитета контроля качества и безопасности товаров и услуг Министерства здравоохранения Республики Казахстан.

Подробнее на нашем сайте http://ndda.kz/