DaraMed

DaraMed Оздоровительный центр DARAMED предлагает лечение без лек?

10.06.2023ж. Сенбі. Кешкі Астана. “Ұрпақтар күні”-жанұялық жарыс. Есіл өзені. Жағалау.
10/06/2023

10.06.2023ж. Сенбі. Кешкі Астана. “Ұрпақтар күні”-жанұялық жарыс. Есіл өзені. Жағалау.

Бас қала. “Жерұйық” саябағы. Әдеттегідей күнде осында таңертеңгілік бой жазуда жүргенбіз. Көбіне жылдамдатып, 12-15000 қ...
05/08/2022

Бас қала. “Жерұйық” саябағы.

Әдеттегідей күнде осында таңертеңгілік бой жазуда жүргенбіз. Көбіне жылдамдатып, 12-15000 қадам жүреміз.
Бүгін де солай келе жатсақ, алдымыздан бөкен желіске салып, жүгіріп келе жатқан ақсақалды кездестірдік.
-Ассалаумағалейкум!-деп сәлемдесіп өте шықтық.
Екінші айналымда қайта кездескенде, ақсақал бізге бұрылып, қолымызды алып сәлемдесті.
-Мен көптен осы паркте жүгірем, бірақ сәлем берген адамды көрмедім. Рахмет! Атым Болат болады, қыпшақпын.
-Ата қайдансыз?-деген сұрағымызға.
-Осы қалада туып өсіп келемін. Ешқайда көшпей 4 қаланы ауыстырдым,-деген сөзіне түсінбей қалғанымызды білдірдік.
-Целиноград, Ақмола, Астана, Нұрсұлтан,-дегенде, күліп жібердім.
-Ата, жасыңыз нешеде,- дегенімізге, тақпақтатып, өлең жолдарын айта бастады.
-Қайталаңыз,- деп жазып алдым.
Видеоны көрсеңіз, жазыңыз, сонда, атамыз нешеде болғаны?

Атыраудан үйге астанаға бет алдық!Астанамызды сағындық, үйді сағындық, балаларымыз асыға  күтіп отыр. Олар да “сағындық,...
23/07/2022

Атыраудан үйге астанаға бет алдық!
Астанамызды сағындық, үйді сағындық, балаларымыз асыға күтіп отыр. Олар да “сағындық, қашан келесіздер?”-деп күнде телефон соғады.
Рахмет! Бізді өзінің жанұясы ретінде күткен, сонау медучилищеден достық көңілі саязданбаған, Роза ханымға!!!
Рахмет! “Сендер келем дегенде, балаларым қатты қуанып қалады!”-деп әрдайым ақжарқын көңілімен, ақ дастарқанын жаятын, Ақтөбе мединститутынан достық көңіліміз жарасып кеткен Маруаға, балдарына!!!
Рахмет! Атырауға шықтық дегеннен асыға аэропорттан күтіп алып, шығарып салатын Ерлан бауырымыз бен бізді күні бойы дастарқанын жимай, тамақтан аузымызды босаттырмайтын Тоғжан келінге!!!
Рахмет! Осы жылдары DARAMED-тен ем алып, содан ағайындай болып кеткен, келген сайын үйлеріне қонақ етіп шақыратын, алыста жүр ғой деп, көңілімізді аулайтын Рамазан, Сарсенбай, Жанат жанұяларына!!!
Сау бол Атырау! Кездескенше!

20/06/2022

Астаналық “DARAMED” сауықтыру орталығы былтырғы жылы бірнеше рет іссапарда болып, еліміз бойынша сырқат жандарға көмек берген еді. Бірнеше рет Жамбыл, Маңқыстау, Атырау, Орал облыстарында болып, шалғайдағы ауыл тұрғындарынының сырқаттарын жеңілдетуге, ауыруынан жазылуға көмек қолын созған - ды.
Осындай дәстүрімізді биылғы жылы да жалғастырудамыз. Келесі іссапарымызды Атырау облысы Жасқайрат ауылында жалғастырғалы отырмыз.

Құрметті Миалы ауданы тұрғындары!

"DARAMED"- дәрігерлеріне
төмендегі сырқаттар бойынша қаралуға және емделуге болады:

жоғары қан қысымы(гипертония);
остеохондроз;
омыртқа грыжасы;
протрузия;
қант диабеті;
простатит;
аднексит;
эндометриоз;
буын аурулары-
артроз;
артрит,
стресс;
неврит;
мигрень;
Инсульт пен инфарктен кейінгі оңалту;
Ерлер және әйелдер бедеулігі;
COVID-тен кейінгі реабилитация;
шаршағандық (хроническая усталость);
беттегі сепкілдер, безеулер және басқалар;

Дәрігерлер өздерімен бірге Жапония, Оңтүстік Корея емдік аппараттарын ала келмек.

"DARAMED" сауықтыру орталығы шалғай аудан, ауыл тұрғындарына дәрігерлік көмек миссиясын жалғастыруда. Медициналық орталы...
21/09/2021

"DARAMED" сауықтыру орталығы шалғай аудан, ауыл тұрғындарына дәрігерлік көмек миссиясын жалғастыруда.

Медициналық орталық Қырықүйек айының 25-жұлдызынан бастап Атырау облысы, Миялы ауданында өз жұмысын бастайды.

Құрметті Миалы ауданы тұрғындары!

"DARAMED"- дәрігерлеріне
төмендегі сырқаттар бойынша қаралуға және емделуге болады:

остеохондроз;
омыртқа грыжасы;
протрузия;
гипертония;
қант диабеті;
буын аурулары-
артроз;
артрит;
стресс;
неврит;
мигрень;
Инсульт пен инфарктан, Covid ауыруынан кейінгі реабилитация;
шаршағандық(хроническая усталость);
беттегі сепкілдер, безеулер және басқалар;

Қабылдауға төмендегі телефон арқылы алдын ала жазылуға болады:
8 77013091047- Роза

11/08/2020

Біреулер айтады сүндетке отырғызғанда баламыз қашып кетті, жылады деп жатады.
Білмеймін, бізге келгендер өзімізге ән тыңдатып, тақпақ айтып береді.
Бұл балалар да мұсылман боламыз деп келіпті.
Қандай ән білесіңдер?-деймін.
Сондағы айтқан әндері.
Сіздер де тыңдаңыздар.

#сүндет #обрезание #ән #тақпақ

08/08/2020

DARAMED сауықтыру орталығы емінің пайдасы мен ағзаға көмегі зор екені туралы 😊

орталығы #артықсалмақ #ожирение #ауырмайық #хиджама #фитабочка #отзывы

08/08/2020

DARAMED сауықтыру орталығы емінің пайдасы мен ағзаға көмегі зор екені туралы 😊

08/08/2020

DARAMED сауықтыру орталығы емінің пайдасы мен ағзаға көмегі зор екені туралы😊

06/08/2020

"Мұсылман болдың, енді "биссимилла🤲"-деп, тауық соясың, қой соясың. Жігіт болды деген осы. Атқа мінесің, көкпар шабасың🐴".

Осылай ата- ана, туған- туыс сүндетке отырғызылған баланы мақтайтын, айналып, толғана беруші еді🥰.

Талай кішкентайларды сүндетке отырғыздық, туған туысқанының, ата анасының батасын алдық🙏🏻.
"Молда🧔" болып, сол үйдің шай☕️, тамағын іштік🍲, "Үлкен Азамат болсын👨‍⚕️"-деп батамызды бердік. Енді сол "балалар" өздерінің балаларын алып келуде.
"Аға, есіңізде ме, баяғыда өзімді сүндетке отырғызған едіңіз, енді мына баламды сүнтеттетіп берсеңіз,"-деп келіп тұрады👍🏻


Айтпағым "DARAMED" сауықтыру орталығында да сүндетке отырғызу маусымы басталды.
Сүндеттетілуге жатқан баладан "қандай тақпақ білесің",-деп сұраймыз. Кейбірі үндемейді, көбісі білгенін айтады. Әсіресе, көп айтатындары "Қазақстан гимні🇰🇿". Гимн айтылып болғанша біз де шаруаны бітіреміз😎

"DARAMED" сауықтыру орталығы гимн айтқыш кішкентайларды күтеді.
#сүндет #обрезание #гимн

03/08/2020

Апамыздың жасы 83-те, 1937 жылғы екен👵🏼
Таңертеңгі жаттығу кезінде кездестірдім🏃🏻‍♂️
"Күнде осылай таңертең жарты сағат, бір сағат жүремін. Жүрмей қалған күні тізелерім ауырады, көңіл қошым болмайды. Ауырып, балдарға масыл болып жатып қалғым келмейді"-дейді апамыз😪👍🏻
Риза болдым.
Бәріміз де осы апам сияқты ойласақ және жасасақ-ә, шіркін!!!
Апам маған батасын берді "Аллам менің жасымды берсін!"-деп. "Аумин"-дедім.

орталығы #апа #таңертеңгіжаттығу

Address

г. Астана, Улица 179, 6
Tselinograd

Opening Hours

Monday 09:00 - 20:00
Tuesday 09:00 - 20:00
Wednesday 09:00 - 20:00
Thursday 09:00 - 20:00
Friday 09:00 - 20:00
Saturday 09:00 - 20:00
Sunday 09:00 - 20:00

Telephone

+77078558309

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when DaraMed posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share

Share on Facebook Share on Twitter Share on LinkedIn
Share on Pinterest Share on Reddit Share via Email
Share on WhatsApp Share on Instagram Share on Telegram