Coral clab

Coral clab 25 лет на рынке

03/01/2026

2018 жылдан бері арманымды жай ғана қиял күйінде қалдырмай, шындыққа айналдыру үшін бір әдетті үзбей жасап келемін. Әр жылдың басында қағаз бетіне армандарымды ОСЫ ШАҚТА жазамын
Ұзын-сонар тізім емес нақты, айқын 10–15 мақсат қана.

▶️Сосын сол мақсаттарды айларға бөліп, әрқайсысына жету жолындағы қадамдарды жазамын. Яғни, жоспар құрамын.

☝️Өйткені диванда жатып армандау - арман емес, алдау ғана. Арман әрекетпен ғана тірі.

🤲🏻Мен өз тарапымнан әрекет етемін.
Ал нәтижені Алладан деп білемін.

Сол себепті жүрегімді Аллаға жақын ұстайтын амалдарды үзбей орындауға тырысамын:
– Алланың 99 есімін жаттап, оларды өмірімде көрініс табуына мән беремін.
– Зікір мен салауатты тастамаймын.
– Садақамды беремін.
– Күніне 100 рет «Фатиха» оқимын.

Болды.
Қиын ештеңесі жоқ.
Тек тұрақтылық пен ниет керек.

Ал мен үшін әлі де үйреніп келе жатқан ең үлкен сабақ - “осы сәтте өмір сүру”.
Кеше үшін күйзелмей, ертең үшін алаңдамай, дәл қазір берілген нығметті сезіне білу.

Мен соған үйреніп келемін.
Жай өмір сүріп қана қоймай, саналы түрде өмір сүруге.

01/01/2026

Адам армандауды үйренбейді — оған мүмкіндік беріледі.
Ал біздің армандауымызға мүмкіндік берген жандар - менің ата-анам.

Бүгін сіздердің туған күндеріңіз, ал менің жүрегім алғыс пен мақтанышқа толы.

Сіздерге деген шексіз ризашылығымды кейде сөзбен жеткізу қиын. Бала күнімде мен арбаға танылып қалмасын деп алаңдап, жанұшыра жүгіргендеріңіз, жас кездеріңізден қара жұмыстың түріне қарамай адал еңбек еткендеріңіз - бәрі де көз алдымда. Кішкентай ғана үйдің түтінін түтетіп, отын жағып жүріп те бізге білім беруге, болашағымызды ойлауға уақыт таптыңыздар.

Анашым, сіздің 30 жыл бойы мұғалім болып, талай шәкіртке білім нұрын сепкеніңіз, үлкен марапаттар мен медальдарға ие бола жүріп, «Білім алыңдар, оқыңдар» деп бізді де бір сәт назардан тыс қалдырмағаныңыз — мен үшін үлкен өнеге. Балдырған, Айгөлек журналдарын алдырып, лагерьлерге жіберіп, ешқандай арман-тілегіме жоқ деп қанатымды қайырмағаныңыз бен үйдің де жылуын, баланың да тәрбиесін қатар алып жүргеніңізге мен басымды иемін. Мен сізге тәнтімін, анашым.

Әкешім, сіздің жұмсақ жүрегіңіз бен маңдай термен келген еңбегіңіз — бөлек бір мектеп. Қарапайым ғана камазист болып жүріп, белгілі кәсіпкер деңгейіне жеткеніңізге тұңғыш қызыңыз ретінде куәмін. Сіздің табандылығыңыз бен адалдығыңыз — менің өмірлік бағдаршамым.

Мен ес білгелі сіздердің бойларыңызда өзгермеген қасиеттер бар: еңбекқорлық пен адамгершілік, бауырға деген бауырмалдық, жақынға деген жақсылық. Осы қасиеттер бізге де жұғысты болды деп сенемін.

Алладан сіздерге тілеріміз — ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық. Енді тәтті немерелеріңіздің қызығын көріп, шаттығына шомылып жүре беріңіздер. Тұңғыш жиен немерелеріңізге деген ыстық махаббаттарыңызды Карима да сезіп, біліп өсіп келеді. Мен сіздерді жақсы көремін❤️

American vibe😻❤️
29/12/2025

American vibe😻❤️

24/12/2025

Мен сияқты армандауды жақсы көретіндерге арналған рилс❤️. Ой, бәрібір орындалмайдығой деп ұшқыр қиялыңызға ерік бере алмасаңыз менің рилстарым сізге ертегі сияқты не байдың әйелінің өмірі сияқты көрінуі мүмкін. Ал, бұрыннан келе жатырған оқырмандарым, таныстарым, достарым, туыстарым, ең бастысы жан жарым, отбасым мен ата-анам біледі. Менің әр жеткен жетістігім кездейсоқтық емес. Ол еңбек пен табандылықтың, арман қиялыма ерік беріп, құстай самғауға, қорқпауға, білім алуға деген құлшынысымның арқасында. Сіздерге жұғысты болсын. Армандаңыздар, оқыңыздар, тек білім ғана алынбайтын асуларды бағындыруға арналған керемет құрал. Ал білім бар жерде
мүмкіндік те, ақша да, Жаратқанымның берген несібесі де
өз жолын табады ✨

23/12/2025
16/12/2025

2 балапанымызды алып Бисмиллях деп жаңа штатты көруге жолға шықтық. Бізбен болыңыздар❤️

16/12/2025

әмин🤲🏻

10/12/2025

❤️

Hawaii, Oahu beaches 🏖️ 🏝️
08/12/2025

Hawaii, Oahu beaches 🏖️ 🏝️

05/12/2025

Бостон Университетіндегі профессорым бір тапсырмада маған маңызды сұрақ қойған еді: “Неге сіз тек грамматикалық тест арқылы студенттің деңгейін анықтай аламын деп ойлайсыз? Сонда оқушының не студенттің деңгейін анықтағанда тек grammar test аласыз ба, болды ма? Шынымен де адамды толық бағалауға сол жеткілікті ме?’,- деп сұрақ қойған болатын.

Мен осы сұраққа дайындалу барысында түсінген дүниелерімді сіздермен бөліскім келді.

Шыны керек, грамматикалық тест-тек білімнің кішкентай бөлігі ғана. Ол студенттің ережені жаттап алғанын көрсетер, бірақ оның шын мәнінде сөйлей алатынын, ойды жеткізе алуын, түсінуін тексере алмайды.

Тіл- бұл тек ереже емес, бұл коммуникация, қарым-қатынас, эмоция, өмір.

Сол үшін мен кішкентай гайд дайындап қойдым. Егер қызық болса, 5 санын қалдырыңыз да тегін жүктеп алыңыз. Оқығаннан кейін өз ойыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз. Сіздің тәжірибеңіз де маңызды 💬✨

Address

Al-Farabi Street
Tselinograd

Telephone

+77787786218

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Coral clab posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to Coral clab:

Share

Share on Facebook Share on Twitter Share on LinkedIn
Share on Pinterest Share on Reddit Share via Email
Share on WhatsApp Share on Instagram Share on Telegram