22/03/2026
💐ҚҰТТЫҚТАУ💐
Құрметті ағайындар! Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мейрамымен баршаңызды құттықтаймын!
Әз-Наурыз – қыстың ызғары қайтып, көктемнің шуағы төгілетін, күн мен түн теңеліп, жер ананың бауыры жібіген, бес түлік төлдеп, ақ шыққан, көк көрінген жайма-шуақты күнге сәйкес келетін түркі халықтарының ежелден бері тойлап келе жатқан ұлық мерекесі.
Әз-Наурыз – әрбір жаңашылдық пен жаңарудың жаршысы. Сондықтан халқымыз Әз-Наурызды қашанда кең пейіл, ізгі ниет және ақ жарма тілекпен қарсы алған.
Әр шаңыраққа амандық пен шаттық, бақыт пен байлық тілеймін.
Ұлыс оң, ақ мол болсын!
Ізгі ниетпен:
Ұлы құрыл мүшесі Бейсен Бұланұлы.
💐МЭНДЧИЛГЭЭ💐
Эрхэм хүндэт Баян-Өлгийчүүдээ,
Монгол Улсад амьдран суугаа нийт Казах иргэдээ,
Байгаль дэлхийн жамаар хуучин жил хулжиж, шинэ жил шилжин ирэх цаг мөчид Казах түмний уламжлалт баярын босгон дээр Та бүхэнтэйгээ мэндчилж байна.
Наурыз бол өвлийг өнтэй давж, хаврын урин цагтай учран золгосныг бэлгэдэн, зон олноороо амар мэндээ мэдэлцэх, Аксахал ахмадуудаа хүндлэн, хөдөлмөрийн замналаас нь суралцаж, сургаал ерөөлийг нь сонсдог, өдөр шөнө тэнцсэн өдөр тохиодог онцлог баяр юм.
Үндэсний уламжлалт Наурыз баярыг тэмдэглэж буй нийт ард иргэд та бүхэндээ хамгийн сайн сайхныг хүсэн ерөөе.
Хүндэтгэсэн,
УИХ-ын гишүүн,
Байгаль орчин, Хүнс, Хөдөө аж ахуйн байнгын хорооны дарга Б.БЕЙСЕН.